«Екі жұлдыз» Р. Рымбаеваның шығармашылығына арналады

«Қазақстан» ұлттық арнасының «Екі жұлдыз» жобасы алдымыздағы сенбілік кешін қазақ эстрадасының аңызына айналған Роза Рымбаеваның шығармашылығына арнамақ. Бұл – жайдан-жай емес, әйгілі әншінің туған күніне орай қолға алынып отырған шара. Және мұндай кеш тележоба тарихында бұрын-соңды болған емес. 

Ән кеші Халық әртісінің репер­туа­рын­дағы ел арасында кең та­ныл­­ған әндерінен және жұлдызды жұптардың ақ тілектерінен құралып отыр. Әйгілі әншінің есіміне байла­нысты бұл түсірілімде раушан гүліне көбірек орын беріліп отыр. Мереке­лік ду­ман­ды Халық әртісінің өзі ашып беріп, артынша жүргізуші­лер мен жұлдыздар туған күн иесіне раушан гүлдерін сыйлайды.
Ал қазылар алқасында әншінің 60-тан астам әніне сөз жазған ақын Иран Ғайып, сондай-ақ 1976 жылдың сәуірінде «Гүлдер» ансам­блі­не Роза Қуанышқызымен бір күнде, бірге қабылданған әріптесі Сембек Жұмағалиев, әншінің сүйікті орындаушысы әрі шәкірті Мәдина Сәдуақасова және өзі отырады. 
Ринат Малцагов пен Динара Қайырова Розаға арнап жазылған Раймонд Паульстің «Любовь наста­ла» әнін орындамақ, ал бұл әннің әнші үшін маңызы зор, талай кере­мет шақтарды еске түсіріп, жастық шақ­пен қауыштырарлық құдіреті бар, сондықтан қазақтың Розадай әнші қызы көзіне жас алуы да ғажап емес.
Кеш Роза Рымбаева әндерінен құралатынын айттық, ал нақты­рақ:
1. Болат Құсайынов пен Гауһар Қаспақова – «Бипыл»;
2. Ақжол Мейірбеков пен Бағдат Сәмединова – «Куә бол»;
3. «А-Лау» дуэті – «Құс жолы»;
4. Жанболат пен Жазира – «Керім-айдай»;
5. Ринат Малцагов пен Динара Қайырова – «Любовь настала»;
6. Дастан Оразбеков пен Айқын Төлепберген – «Атамекен»;
7. Ербол Шәріп пен Жеңіс Ысқа­қова – «Кешікпей келем деп ең».
Олай болса, оқырман, осы сен­бі­де, сағат кешкі 19.30-да «Қазақ­стан» ұлттық арнасынан дүлдүл­дер додасы «Екі жұлдыз» жобасын тама­шалаңыз!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста