Эфир тілі неге бұзылып барады?

«Сөз өнері – дертпен тең» деген даналық сөздерді еске ұстасақ, «тіл мәдениеті», «сөз мәдениеті», «сөз сөйлеу өнері» деген тақырыптың айналасында ауқымды мәселелер ғалымдар жағынан жан-жақты көтеріліп келеді.
Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА ғалым ұстаздарының бұл іске қосқан үлесі мол екенін айта кетсек, артық емес.
Бірақ, өкінішке қарай, сахна мен көгіл­дір экран тілінің айналасында зерттелуі тиіс, оқытылуы тиіс күрделі мәселелер өте көп. Сөз сөйлеу өнері тек қана тықыл­даған әдемі сөз емес, оның ғылыми астары бар екеніне әсте мән бермей кеттік. Мысалы: экран алдында сөйлейтін көпшілік жас­тар, әріптестер, (хабар жүргізуші, концерт жүргізуші, кейбір арнайы рубрика ашып жүргізіп жатқан) замандастарымыз сөздің әдеби сөйлеу қорына мән бер­мей, күнделікті өмірдегі диалектикаға толы арзан, мардымсыз сөзді көп айтып кетті. Ол сөздердің арасында: жанағы, ғой, барды ма-ей, келді ме-ей, қойшы-ей т.б. мардымсыз, тыңдауға дөрекі, өске­лең жас ұрпаққа берері аз арзан сөздер көбейіп барады. Ірі сөздің құнын, мағы­насын терең ұғынатын ғалым ағалар мен анала­рды былай қойғанда мезі қылып жіберді. Әсіресе көгілдір экран алдын­дағы кейбір жас журналистермен арнайы білімі жоқ жас жүргізушілердің батыл­дығына қайран қалып отырасың. Өйткені сөздің жазылу сауаттылығы мен айтылу сауаттылығының арасында жер мен көктей айырмашылығы бар екеніне мүлдем көңіл бөлмей сөйлейтін болып алды. Бала кезімде экран алдында сөз сөйлейтін дикторлар маған толқып, ойла­нып отырып сөйлейтіндей болып көрінетін. Ал қазіргі экранға қарасаңыз, ойсыз сөйлеуі, кейбір әріптерді жеп қо­йып, үндестік заңдарын сақтамай, қалай болса солай сөйлеу, «ң» дыбысының орнына «н» дыбысын айту: көкала (көгала), көкөніс (көгөніс), менін – (менің), сенін – (сенің) әдетке айналып барады. Айта берсек, қазақ тілінің ғасырлар бойы қа­лып­тасқан тіл заңдылықтарын осыншама бұрмалап, сөздің құнын жойып жіберуге тыйым салатын уақыт жеткен секілді. Сондықтан сахнадағы актер немесе көгілдір экрандағы жүргізуші, яғни жалпы (халық) көрермен алдында сөз сөйлеу өнерінің міндеті мен жауапкершілігін алып шыққан адам, не істесе де, қандай қылық жасаса да, қандай мақсатпен, қандай оймен, не үшін сөз сөйлеп жатқанын әсте естен шығармауы керек...
Сол себептен олар сөзді, сөз құдіретін өздері ғана ұғынып, бағалап қана қоймай, оны көрерменге, тыңдаушының зердесіне жеткізе білуі керек, яғни тыңдаушысын уатып, баурай алмаса, даусы жақсы болып, бірақ сөзі анық бай болмаса, онда сөз қадірін, өнер қадірін жойғаны. Сөз сөй­леуші актер немесе көгілдір экран ал­дындағы жүргізуші сахна алдындағы конферансье көрерменге ұсынатын өнері­нің, шығарма кейіпкерінің экран алдын­дағы немесе сахна алдындағы қозғалысы мен ішкі көңіл күйін байланыстыруға көп көңіл бөлуі қажет.
Сахна тілінің ғалымы, профессор Д.Тұ­ранқұлқызы: «Тіл байлығы – елдің елдігінің айғағы, көркем және ғылыми әдебиеттің, мәдениеттің салт-санасы. Тіл байлығы, тіл тазалығы, тіл мәдениеті – ұлт қасиетінің, санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. Әр тілдің өз ырғағы бар. Қазақ тілі еш уа­қытта өзімен көршілес халықтардың тіл­дерінен кем болып, қатарынан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жі­бермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе, соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тіліміздің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай. Қазақ тілінің өзге де ұлттық тілдер сияқты екшеліп, қыр­ланған, тұрақталған, жалпыға ортақ заң­дылықтары мен ережелері бар. Ол заң­дылықтардың бір бөлігі сөздерді дұрыс таңдап, орнымен жұмсауға қатысты» – дейді.
Әрине, біріншіден, лексикалық заңды­лық – грамматикалық заңдылық деп те аталады. Яғни сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра білуге қатысты болып келеді.
Екіншіден, орфоэпиялық заңдылық – дұрыс айту, яғни дыбыстау заңдылық­тарын орфоэпиялық ережелер деп атаймыз. Бұл — ғылымдағы атаулар. Бұл заң­дылықтардың бәрінің де тіл үшін бір-бірінен айырмашылығы жоқ.
Тілдің орфоэпиялық қағидалар функ­ция­сының кеңеюі сөздерді дұрыс айту ғана емес, оған қосылатын қосымшаларды да, жалпы сөйлемдегі сөздерді де дұрыс құрау, табиғи әуенмен айту, тиісті дауыс екпі­нін өз орнында қолдана білу сияқты күр­делі мәселелерді де қамтиды. Қазақша тілдің айтылу орфоэпиясын, яғни ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібін сақтап үйрен­сек, сонда ғана сахнада, экран алдында әде­би тілдің үлгісін көрерменге уа­ғыз­дап, мәдениетті тілде сөйлеп, ана тілі­міздің бай­лығын арттыра түсер едік.
Қорыта келе айтарымыз, сөз желмен бірге ұшқан ойыншық шар емес. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан аманат, асыл мұра. Сөйлер сөзімізді, айтар ойымызды көзіміздің қарашығындай сақтап, көрерменге, келер ұрпаққа жеткізу, сөз сөйлеу өнеріне, тіл мәдениетіне білімді де жауапты көзқараспен қарап, саналы да сапалы сөйлеп үйренейік, замандастар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста