Дж.Д. Сэлинджердің «Құрдым алдындағы қарабидай ішінде» шығармасының аудармаларындағы бас кейіпкер образының интерпретациясы

Джером Дэвид Сэлинджер – АҚШ-тың жаңа кезеңдегі әдебиет тарихындағы ең әйгілі және нағыз жұмбақ персонаждардың бірі. Оны тек оқып қана қойған жоқ: 50-ші жылдары және 60-шы жылдардың басында Селинджерге өзіндік табынушылық қалыптасты, табынушылардың оған ерекше құрметі және АҚШ әдеби-сын индустриясының жоғары белсенділігі орын алды. 1951 жылы ол оқырмандарының бірден көңілінен шығып сүйіспеншілігіне бөленген және айтарлықтай табысқа жеткен өзінің «Құрдым алдындағы қарабидай ішінде» атты романын жазып шықты. Оның Холден Колфилд бейнесіндегі бас кейіпкердің есеюі және балалық қиял елестерінің жоғалуы барысын бейнелеуі, жас оқырмандар буынына өте ерекше әсер етті. Осы күнге дейін бұл шығарма, жыл сайын 250 мың көшірмесі сатылатын, ең көп оқылатын және қарама-қайшылыққа толы туынды болып отыр. Бұл мақаланың өзектілігі - көркем аударманың теориясы және практикасы проблемаларын жете ұғынуында.

Біздің зерттеуіміз, Селинджердің әлем әдебиетінің дамуына қосқан эстетикалық үлесін зерттеу қажеттілігінен, сонымен қатар Холден Колфилдтің ішкі жан дүниесіне талдау жасау қажеттілігінен туындап отыр. Бұл зерттеу романның көркемдік мәселелерінің жаңа мағыналық қиырларын ашуға мүмкіндік береді. Сэлинджердің жазушылық карьерасы нью-йорк журналдарында қысқа әңгімелерін жариялаудан басталды. Оның бірінші әңгімесі «Жастар» (TheYoungFolks) 1940 жылы «Стори» жорналында жарық көрді. Селинджерге алғашқы танымалдылық «Хорошо ловится рыбка-бананка» (A PerfectDayforBananafish, 1948) атты қысқаша әңгімесімен келді - Симор Гласс атты жас жігіт пен оның әйелінің өмірінен алынған бір күннің оқиғасы. 1940-шы жылдардың соңында дзэн-буддизмді зерттей бастады.
Селинджердің шығармаларында бас кейіпкерлердің көбі балалар және 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Алайда оны «балалар» жазушысы деп біржақты айтуға болмайды. Өзінің шығармаларында (ең алдымен «Құрдым алдындағы қарабидай ішінде» (TheCatcherintheRye романында)) Селинджер жасөспірім кейіпкердің өз идеалдарымен ұшқары қаталдығы және қаярлығымен қоршаған «ересектер» әлеміне қарсы тұруы тақырыбын көтереді.
«Құрдым алдындағы қарабидай ішінде» романы сыншылардың қолдауына ие болды және роман кейіпкері Холден Колфилдтің көзқарасынан және жүріс-тұрысынан өз мінездеріне, көңіл-күйлеріне үйлесетін белгілер тапқан жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында осы уақытқа дейін өз танымалдығын сақтауда. Бұл Кітапқа депрессиялылығына және балағаттау лексикасын көп пайдалануына байланысты АҚШ-тың кейбір штаттарында және кейбір елдерде тиым салынды, бірақ қазіргі таңда көптеген америка мектептерінде оқу үшін ұсынылатын әдебиеттер тізіміне енгізілген. 1961 жылдың өзінде роман, «Иностранная литература» жорналында басылып шығарылған Рита Райт-Ковалёваның аудармасымен ССРО-ны қоса алғанда, он екі елдің тіліне аударылып үлгерді.
Шығарманың бас кейіпкері он жеті жасар Холден Колфилд жүйке жүйесі ауруларына арналған шипажайда емделіп жатқанда, өзінің он алты жасындағы, шамамен бір жыл бұрынғы басынан өткен оқиғасын баяндайды. Автор оқырмандарды, қоршаған ортамен арпалысудың Холден үшін адам төзгісіз жағдайға жеткен кезіндегі күшті адамгершілік тоқырау сәтіндегі кейіпкер бейнесімен таныстырады. Ол қайда болмасын, елдің қоғамдық, мәдени өмірінде, мектепте, отбасында өтірік пен жалғандықтың сәл көрініс табуын аңғара отырып, оны өте қатты сезінеді. Шығармада біз жападан-жалғыз адам – Холден Колфилдті көреміз.
Д. Сэлинджердің «Құрдым алдындағы қарабидай ішінде» кітабы – шадыр арсыз тинэйджердің ересектер әлеміне ешқандай қауіпті еместігін, бұл тек өзінің толық жетілмегендігіне, қоршаған ортаның қаталдығына қарсы қорғаныс реакциясы екендігін түсінуге көмектеседі. Сэлинджердің романында айтылған әлеуметтік бейжайлылыққа және бейімделгіштікке қарсы жеке тұлғаның қарсылығы, өз кезінде қоғамдық сананың төңкерісі тәрізді нәрсеге алып келді, дегенмен жазушы көтерген мәселелер қазіргі таңда да өзектілігін жоймай отыр, сондықтан ең үлкен аудиториядағы романға деген қызығушылық өте жоғары.
Адам – адамдар арасында жападан жалғыз – нақты айтқанда өзінің қайталанбайтындығымен, «даралығымен» «ерекшелігімен» жалғыз – Дж.Д. Сэлинджердің барлық шығармаларының және оның басты кітабы «Құрдым алдындағы қарабидай ішінде» романының негізгі тақырыбы осындай.
Роман айқын мәнерлі тілмен жазылған және кекесінді мысқыл әзілге толы, бұл оны М. Твен и Р. Ларднер шығармаларымен бір қатарға қояды. Көңілшек жасөспірім жастардың еркін стилі, ересектер әлеміндегі жалғандықтан құтылу үшін жасаған әрекеттері туралы әңгімелейді.
Ақылға қонбайтын арман, бірақ бұнда шынымен бір нәрсе бар... Барлығынан жырақта, түпсіз шыңырау үстінде Холденнің барлық адамдардан көретін екіжүзділік және нарциссистіктің (өзін-өзі жақсы көру) әлі ешқандай белгілері жоқ жаратылыс иелерін -балаларды құтқару.
Холден шынымен де шыңырау шетінде тұр, бірақ қауіп, қарабидай арасында ойнап жүрген балаларға емес өзіне төніп тұр. Иә, онда барлық жастардың бойында болған, әлі де көрініс табатын – бүлікші рухы бар, беделділерден бас тарту, бақылаусыз қиырға ұмтылу- бірақ бұлардың бәрі біздің өзімізді ғана емес, сонымен қатар жанымызға жақын адамдарды да құрдымға итермелейтін соқыр күштер. Кітап мені бірінші кезекте Холден Колфилд тәрізді болмауға, қадірі кеткен тәрізді көрінетін тіпті бізге жек көрінішті көрінетін құндылықтарға деген сенімімді жоғалтпауға үйретті. Бұл, бүлік шығаруға және қоршаған орта ақиқаттарын өзгертуге тырысуға болмайды деген сөз емес. Тек «тормозсыз» жасамау керек, мақсатқа сай, аз нәрседен, саналы түрде, барлық нәрсені және барлығын жоққа шығармай байыппен істеген дұрыс. Қирату емес- тұрғызу. Ақыр аяғында Сэлинджер өзі Колфилдтің сұхбаттасының бірінің тілімен сөйлейді, ал бұл барлық шығарманың басты сөз орамына айналды: Адамның жетілмегендігінің белгісі- ол игі іс үшін ізгі өліммен өлгісі келетіндігі, ал жетілгендік белгісі – ол игі іс үшін бой ұсынып өмір сүргісі келетіндігі.
Еуропаның барлық тілдеріне аударылған «Құрдым алдындағы қарабидай ішінде» романы барлық әлемде кеңінен танымалдылыққа ие болды және тек америка емес, сонымен қатар әлемдік әдебиетте классикаға айнала отырып, Біріккен Штаттарда жастардың ең жақсы көретін кітаптарының қатарында қалып отыр. Барлық аудармашылардың стильдік деңгейлерінде және жеке сөздердің аудармасында кемшіліктер бар, соған қарамастан оқырмандардың қызығушылықғы, авторға деген ерекше құрметі сақталған. Селинджер атақты, баршасына сүйікті, көп оқылады...

 Маржан Абдрахметова,

Орталық-Азия университетінің магистранты

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста