Дүниеге қазақтың көзімен қарау маңызды

Әлемнің таңғажайып жерлерін біз осы уақытқа дейін «Би-Би-Си», «Дискавери» секілді ақпарат алпауыттарынан, қала берді, Ресейдің ОРТ арнасынан «Клуб путешественников»,  «Непутёвые заметки», РТР телеарнасының «Вокруг света», НТВ арнасының «Их нравы» сияқты ақпараттық-танымдық хабарларынан көріп келдік. Тіпті «Саяхат­шы­лар клубы» сонау 1960 жылдан бастап 2000 жылдарға дейін эфирге шыққан екен.


Онысымен қоймай, Ресей телеарна­сын­дағы туристерге арналған бағдарлама әзір­леуде ақсақалдардың бірі ретінде Гин­несс кітабына еніпті. Дүниенің қиыр шетін қо­лына камера алып, қазақтың танымына сай көрсеткен отандық бағдарлама бұрын-соңды болған емес. Ал «Қазақстан» ұлттық арнасынан берілетін «Жиһанкез» бағдар­ламасы – олардың тұңғышы.
Дәл қазіргі кезге дейін G20-ға кіретін Малайзия, Индонезия, Германия, Түркия сын­ды мемлекеттердің мәдени-экономи­калық ахуалын қазақ көрерменіне жақын таныстырған «жиһанкездіктер» бүгінгі таңда кезекті сапарымен Моңғолияда жүр. Бұл бағдарламаның басқа бағдарла­ма­лардан өзіндік айырмашылығы мынада: Әдет­те орыстың немесе ағылшынның сая­хатшылары тек туристерге арналған мәлі­мет әзірлейді. Ал «Жиһанкез» бағдар­ла­масы бір елден екі бағыттағы бағдарлама дайын­дауымен ерекшеленеді. Бірі мәде­ниеті мен көз тартар керемет жерлеріне бай­ланысты болса, екіншісі сол елдің әлеу­меттік-экономикалық жағдайына арнал­а­ды. «Біткен іске сыншы көп» демекші, ел арасында аталмыш бағдарламаны әзір­леу­ші топқа қатысты айтылар сын-пікір де өте көп.
Шындығын айтсақ, дәл қазір бұл бағдарлама әсіресе ауыл қазақтарын апта сайын көгілдір экранның алдына еріксіз жинайтындай жағдайға жетті. Сол үшін ел-жұрт риза. Сапа мәселесінде де ауыз толты­рып айтарлықтай деңгейде. Жүргізу­шінің еркіндігі, бәлкім, көпшілікке ұнамауы да мүмкін. Дегенмен бұл – «тревел-журна­лис­тика» деп аталатын жаңа бағыттың қазақша формасы. Осыны көпшілік ескеруі қажет. Бір сөзбен айтқанда, Қазақ саяхат­шыларына қазақша жөн сілтеп, жол көрсе­тетін жалғыз бағдарламамыз «Жиһанкез» екені даусыз. Сол себепті бұл бағдарлама қазақ телевизиясындағы туристік танымды арттырған алғашқы бағдарлама болып қала бермек.
Данияр Орал, «ДамуМедиаГрупп» ЖШС-нің басшысы, «Жиһанкез» бағдарламасының продюсері:
– Бұл бағдарламаны ашудағы негізгі мақсатымыз – алдыңғы қатарлы дамыған елдердің мәдени-экономикалық ахуалын көрерменге көрсету. «Шетелге шыққанда қазақы көрермен қандай жағдайларды ескеруі керек, қалай жүріп-тұрған қолай­лы»  деген секілді сұрақтардың төңірегінде ең қажетті деген ақпарды ұсынуға тырысып келеміз. Туризм саласындағы тұңғыш бағ­дар­лама болғандықтан, оның үстіне, хаба­ры­мыз мемлекеттік тілде әзірленетіндіктен, жүр­гізушінің өзін ұстауынан бастап киім киісіне дейін мән береміз. Дулатты ел-жұрт жақ­сы біледі, өз ісіне жауапты, өте сауатты аза­мат. Әділ бағасын көрермен береді деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста