Ел арасына кең тараған, аңызға айналған «Дудар-ай» әнінің кейіпкерлері Дүйсен атты қазақ жігіті мен Мариям Жагор деген орыс қызының суреті табылыпты.
Бұл туралы Facebook`тегі парақшасында Мұсайып Сыдықов есімді желі қолданушысы жария етті.
Мұсайып қос ғашықтың суретін жариялап, былай деп жазған екен:
«Бүгін Қытай мемлекетінде тұратын туыстарыммен (WeChat — «Мұрын ұрпақтары» тобы) пікір алысып отырып, Доқтырқан деген бауырымның чатқа қойған төмендегі суреттін көрдім. 100 пайыз анық деп айта алмаймын, қазағымыздың аузында аңыз-өлеңмен әйгілі болған қарияларымызды қоймасқа болмады.
Араб әрпімен «Аттары аңызға айналған қос ғашықтар Мариям Жагор қызы, Дүйсен (Дудар)»-деп жазылған. Одан әрі төменде йероглифпен жазылғанды оқуға, сауатым жетпеді».
Желі қолданушысының жариялаған тарихи фотосын оқырман назарына ұсынып отырмыз.