Танымал әнші Мейрамбек Беспаев өзінің досы әрі әріптесі Ринат Гайсинге ерекше құттықтау жолдады. Өмірі орысша сөйлемейтін халықтың сүйіктісі тілегін ресми тілде жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол Ринатқа деген айрықша құрметі мен тілегін өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Фото М.Беспаевтың желідегі парақшасынан алынды
"Дорогой, родной @gaissin поздравляю тебя от всей души. С днем рождения! Желаю тебе крепкого здоровья, семейного счастья и долголетия! - дей келе, бар жақсылықты тілеймін, бауырым. Аман бол. Жасай бер", - деп жазды ол.
Мұны көрген желі қолданушыларының көңілі көтеріліп қалды. Олар Мейрамбекке жылы лебіздерін білдірді.