Белгілі әнші Досымжан Таңатаровтың да екінші отбасы бар болып шықты. Бұл туралы эстрада жұлдызының рұқсатымен әлеуметтік желіде қолданушылардың бірі видео жүктеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы әншінің өнердегі інісі Шахаризат Сейдахмет жария еткен.
Досымжан ағамның екінші отбасы мүлдем қазақы емес екен, – дейді Шахаризат Сейдахмет.
Өйткені әншінің әйелі орысша сөйлеп тұрғаны байқалады. Сол сәтте әңгімеге Досымжан Таңатаровтың өзі араласып, есесіне ұлы қазақша сөйлейтінін айтады. Ал екінші әйелі бәрі бірдей болмай, әр түрлі болғаны дұрыс деген.
Бұл әнші де екінші әйел алады деп ойламаппым", "Шынымды айтсам шок болдым", "Үндемегеннен үйдей бәле шығады", "Қазақ байыса қатын алады", "Әншінің бәріне екінші әйел алған мақтаныш болған ба?", "Өз әйелі көрсе ауыр ғой", — деген пікірлер жазылған.
Бір қызығы, әнші бұған дейін "Жұлдыздар отбасы" берген бір сұхбатында жұрттан жасырған отбасым жоқ деген.
instagram.com/dossymzhan_tanatarov
Айнұр есімді Құдай қосқан жарым, екі қыз, бір ұлым бар. Жарымның негізі мамандығы — медбике. Жұрттан жасырған отбасым жоқ, — деген болатын ол.