Досы көп Досанов

Досы көп Досанов

Кезінде ұшақ апатынан өртке оранып қырылған жолаушылардың ішінен Жаратқан ием аман сақтап қалған азамат қаламгер – Сәбит Досановты қалың оқырман жақсы біледі. Сонда құдіретті күш әдебиетімізге олжа салсын деді ме екен, жазушы арманы да алапат апаттан аман қалды...

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, көрнекті жазушы атанған оның қарым-қабілетіне қазақ әдебиетінің классик жазушылары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер кезінде үлкен үміт артып, лайықты бағасын берген.

Сәбит Досановтың өткен ғасырдың 80-жылдары әйгілі «Правда» газетіне жазған ойлы мақаласының өзінде Қазақстан миллиард пұттап астық береді, бірақ халқының меншігінде автокөлік түгіл, велосипеді жоқ екенін емеурін етіп, социализмнің қабырғасы қақырауы қашық еместігін болжағандай еді...

Жазушылардың ана жылғы съезінде қазақтың аңызына айналып, сері Сәкен  атанған, ұмытылмастай есімін қалдырады деп көптің үміт еткен Сәкен Жүнісов мінберде сөйлеген сөзінде: «...Сәбит Досановты ерекше айтқым келеді, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанып, әдебиетімізге үлкен олжа салды», – дегеніне достары сүйсінді, аз-кем атақты көпсінушілер күйінді. Сүйсіну де, күйіну де пендеге біткен сезім. Оған күнә да, кінә да жүрмейді, жаман айтты деп мүжіліп шаршаудың қажеті де жоқ. Ондай кісілік мінез Сәбитте жетерлік. Одан соң дейсің бе? Сәбит «менің шығармаларымды француз жұрты оқи қойсын» демеді. Олар өздері тапты, жақсыны әлем таниды.

Париждегі  «Велура» баспасы Анри Аврилдің тәржімасымен Сәбиттің «Ақ аруана» атты кітабын француз тілінде басып шығарып, қалың оқырманына таратса, қазақ ұлтын таныту емес пе? Тану бар, оны шын ниетпен, адал сезіммен ұғыну бар. Өткен ғасырдың 60-жылдарында халықаралық студенттер тобында болған кезімде Париждегі жұмыр жерге әйгілі Сорбонна университетінің шәкірттерінің бірі: «Біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, өнегесі, ғажайып алғырлығымен Мұхтар Әуезов шығармалары арқылы таныспыз!» – дегені есімде. Енді, міне, қазақ ұлтын екінші рет француз жұртына Сәбит Досанов шығармасы арқылы ұғындырса, қалай құптамайсың? Оны әлем ойшылдары уақтында бағалай да білді. Жүректен шыққан сөз жүректерге қонады. Сонда ғана жазушының жолы болады.

Сәбиттің француз тілінде шыққан кітабының тұсаукесерінде француз мәдениеті мен әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі, ақын Леон Робель:

– Досановтың «Ақ аруанасы» әлем әдебиетінің бай қазынасын жаңа қырымен толықтырды,– деп түйіп айтса, профессор Албюерт Фишлер оның ойын тірілтіп:

– Француздардың қалың оқырманы әлемдік ұлттар есебіндегі қазақ халқының жүйрік ойлы, алғыр ақыл, парасатын танып-біледі, – деп еді.

Сорбонна университеті Тілдер және Шығыс өркениеті ұлттық университетінің президенті Жак Легран Сәбит Досановтың кітабын аса жоғары бағаласа, ұлтымызға деген ізгі ниеттің ашық аспандай көрініс табуы емес пе!

Ұзақ жылғы кір шалмаған достығымызды айтқанда, мен білетін Сәбиттің жазушылығы өз алдына, кісілігіндегі ерекшелікті қанына сіңген ұлттық өнеге дерсің. Ол адамды сондай жақсы көреді, достары да өте көп. Сәбитті ұлтым дейтін қазақи тәрбиенің адамы десек, оның шығармаларын В.Мирнев «Московский Парнас» әдебиет альманағында: «Сәбит Досанов – аса үлкен шебер, оның «Жиырмасыншы ғасыр» романы – кең эпикалық туынды, оны прозамен жазылған поэма десе де болады. Онда қазақ халқы өмірінің молынан жасалған панорамалық келбеті, жарқын суреттерге толы көп беттері, көріністері трагедиялық күйлерді еске салады.

Оны ұлы орыс шеберлері Толстой, Достоевский мектебінің аздаған шәкірттерінің бірі деп санауға болады»,– деп жазды. Жалпы, Сәбит шығармаларында өмір шындығы көркем сөзбен айшықталады. Оған дәлел – оқырмандарын риза еткен «Қылбұрау», «Ұйық», «Тұйық» романдары. Онда нақты кезең, халықтың басынан өткен түрлі тірлігі, жақсылық пен жамандықтың қақтығыстары қолмен қойғандай, көзбен көріп, құлақпен естігендей әсер қалдырады. Оның шығармаларының негізгі өзегінде үнемі ұлт тағдыры бірінші орында тұрады. Жазушының өзі айтқандай, ол  – уақытқа үнсіз қалмайды.

Бір ауыз сөз
Мемлекеттің ең үлкен бір тірегі – әдебиет, мәдениет, ғылым, өнер. Осы төрт салаға мемлекет жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп отырған жоқ. Айталық, жазушы – сұраншақ. Өйткені отбасын асырау керек, кітабын басып, оны тарату керек деген секілді, олар сұраншақ болуға мәжбүр. Қатайтып айтсақ, қайыршы. Ал ғалымдарымыз базар жағалап, әртістеріміз асаба болып кетті. Жарайды, аға ұрпақ жасарын жасап, жазарын жазды ғой. Ендігі менің қорқынышым, аталған төрт саладағы ұрпақ жалғастығы үзіліп қала ма деймін. Өйткені келешегі – күңгірт. Бізде әдебиет пен мәдениетте де, өнер мен ғылымда да талантты жастар жетерлік, бірақ олардың көбі күнкөріс үшін басқа салаға кетіп жатыр. Осыны жөнге келтіретін шұғыл шара қажет.

Сәбит Досанов, «Алаш айнасы» 18 шілде, 2009 жыл

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста