«Дос-Мұқасанға» атаулы белгі қойылды

Қарағанды қаласындағы жұлдыздар аллеясында «Дос-Мұқасан» экстрадалық ұжымының атаулы белгісі пайда болады. Бұл туралы аймақ әкімі Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

«Арнайы комиссия осы мәселе бойынша бірнеше отырыс өткізді. Өзге кандидатураны ұсыну туралы түрлі ұсыныстар да болды, бірақ ақылдаса келе, көпшіліктің қалауымен жұлдыздар аллеясында атаулы белгіні «Дос-Мұқасан» тобына беруді ұйғардық», – дейді Н.Нығматулин.
Дәстүр бойынша атаулы белгі жұлдыздар аллеясында 31 шілдеде өтетін «Қарағанды – жастығымның қаласы» ретро фестивалі қарсаңында ашылады. Бұған дейін «Дос-Мұқасан» ансамблі тегін концерт ұйымдастырмақ.
 «Ансамбльдің атаулы белгісінің біздің қалада ашылуы – қарағандылықтардың осы ұжымға деген махаббатының белгісі, оның отандық өнерді дамытуға қосқан үлесіне деген құрметі», – дейді әкім.
«Дос-Мұқасан» ансамблі Қазақ политехникалық институтының қабырғасында 60-жылдары құрылған болатын. Студент жастар қазақтың ескі халық әндерімен қоса, өздерінің орындауындағы әндерді де бірден хитке айналдырды. Аталмыш ұжым Ташкентте Бүкілодақтық халықтар достығы фестивалінде бірінші орын алып, 1971 жылы ресми танылған еді. Кейіннен “Дос-Мұқасан” Минскіде Бүкілодақтық шығармашылық көркемөнерпаздар конкурсында лауреат атанды, Берлинде жастар мен студенттердің бүкіләлемдік фестивалінде алтын медаль иеленді. 1974 жылы ансамбль Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Бүгінде ансамбль мүшелері әр саланың білікті мамандары болғанымен, оларды халық «Дос-Мұқасан» әншілері ретінде таниды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста