«Дос-Мұқасан» қатары тағы бір жұлдызға сиреді

Кеше әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің белді мүшесі, әнші, ақын, композитор Бақытжан Жұмаділов Қордай асуында болған көлік апатынан қаза тапты. Ал көлікте онымен бірге болған, ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі, талантты музыкант, техника ғылымының докторы, профессор Досым Сүлеев ауыр жарақаттармен жансақтау бөлімінде жатыр.

Құлашың жетпейтін нәрсені құшақтай алмайтының сияқты, «Дос-Мұқасан» туралы аңызға бергісіз әңгіме мен қарапайым жұртшылықтың ансамбль мүшелеріне деген шексіз сүйіспеншілігін де тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Социалистік жүйенің мейлінше гүлденіп тұрған шағында да, еліміздің Тәуелсіздік алған тұсында да бұл ұжым ұлтымыздың шын мәнісіндегі баға жетпес мәдени байлығы іспетті болды. Халықтық ән-әуендерді өз талғам-таразысына салып, тыңдарманға айшықты түрде ұсына білген осынау дарынды жастар өздерінің музыкалық мұрасы келмеске кеткен халықтың емес, керісінше, дәуір талабына сай келісті өрнек, кемел сазбен қайта жаңғырған ұлағатты ұлттың ұрпағы екенін бір мезетте дәлелдеп берді. Жұртшылыққа мүлде жаңа қырынан жарқырай жеткен «Жайдарман», «Ауылың сенің іргелі», «Құдаша», «Дудар-ай», «Он алты қыз», «Ләйлім шырақ», «Той жыры», «Жан досым», «Қайдасың?», «Куә бол», «Алматы түні» іспетті адами ізгі сезімдерді паш ететін өзге де әдемі әндер қазақ тыңдарманының қаншама буынымен бірге жасасып келеді десеңізші!
Бақытжан Жұмаділов ел ықыласына бөленген осы танымал топтың талантты өкілдерінің бірі еді. Өмірлік шлягерге айналған «Құдаша» әнін өзгеше өрнекпен орындаған ерекше шеберлігі үшін ел ішінде «Мистер Құдаша» атанып кеткен ол «Дос-Мұқасан: жылдар мен жолдар» атты концерттік бағдарламасы бойынша соңғы жылдары гастрольдік сапармен еліміздің көптеген аймақтарын аралап шыққан да. Пайғамбар жасындағы майталман музыканттың ойға алған мақсат-мұраты, іс-жоспары мейлінше ауқымды еді. Бірақ маңдайға жазылған өлшеулі ғұмыр оған мұрсат бермеді. Сөйтіп, ол да сонау бір жылдары бақилық болған досмұқасандық достары – Құрманай Омарова, Мұрат Сарыбаев, Шәріп Омаровтардың соңынан фәни жалғаннан жөнеп кете барды.
Дәтке қуат етерлік бір жайт: олардың қай-қайсысы да ел-жұртының өздеріне деген шексіз сүйіспеншілігіне шомылып өтті. «Дос-Мұқасанның» бағасын білер қалың қазақ барда Бақытжанның нұрлы бейнесі де, қоңыр үні де ешқашан ұмытылмақ емес…
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста