Бөкенің әкесі Жырғалаң деген кісі айтады екен «балам, өнерді үйрен, үйрен де жирен» деп. Домбыраны көп шертіп соңынан түскен адам сол қу ағаш сяқты зарлап қалады дейді. Домбыраның соңынан түскен адамның көбі ұрпақсыз өтеді. Біз бір атадан көп емеспіз. Осы домбыраға үйір болғаныңды қойсаң қайтеді деген көрінеді. Бөкеге деп ырымдап ерулікке әкелген домбыраны ағайындарының баласына беріп жіберіпті деп жазады Бөке батырдың естелігін Шәмші Құмарұлы деген қандасымыз.
Меніңше қазақтың кейбір ырымдарын ой таразысына салып көрер болсақ расында ғылым әлі дәлелдеп болмаған тылсым бір заңдылықтың бар екенін білуге болады. Бұл ырымның мәнісіне ой жүгіртер болсақ, қазақтың домбырасы аса киелі аспап екендігін, оның киесін түсініп дұрыс пайдалана білсе әрине пайдалы. Ал тым беріліп кетсе адам ағзаларына зиян келтіретінін қазіргі ғылым дәлелдеп отыр. Бұл қарапайым түрде айтсақ күйлердің адамға пайдалысы да зяндысы да бар екендігін ұмытпаумыз керек. Қазір батыс елдерінде адам ағзаларына және сана-сезіміне аса зиянды музыкалардың да бар екендігін білеміз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінің бірінде: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бір сахабасымен бірге музыка тыңдағандығы айтылады. Сонда қасындағы сахабасына жеткілікті ме тыңдай алғанша тыңда» деген екен.
Біз үнемі мұңды музыкалар тыңдай берсек біздің көңіл-күйімізде осы музыкамен қарадай жабырқап, ауыр бір жүк еңсемізді басып бара жатқандай күй кешеміз. Қазақ халық күйлерінің басым көбі халықтың өткен дәуіріндегі мұң мен шерінен тұрады. Бейсенбінің қоңыр күйлері мен Құрманғазының тебінді жауынгер күйлерін естігенімізде жайма шуақ өмір мен жауынгер халықтың ұлттық рухы көз алдыңызға келеді. Десе де Құрманғазының күйлерінде де халықтың болашағынан алаңдау, халқының жайбарақат тіршілігінің тым ұзаққа бармайтындығына налыған көріпкелдігі де күй сарындары арқылы сезіліп тұрады.
Секен Тұрысбектің «Дарабоз», «Арман», «Боздақ» және Төлеген Момбековтің «Салтанат» деген күйлерінде де әр дәуірдегі қазақтың басынан кешкен тарихи жағдайлары мұңды күйдің тілімен көз алдыңа келеді. Мәселен Салтанат күйін тыңдағанымызда сахарада салтанат құрған байырғы бабаларымыздың салқар көші осы замандағы асфальт жолдарда кетіп бара жатқандай көз алдыңызға елестейді.
senkazakh.com
Домбыра көп тартпа, қу ағаш сияқты зарлап қаласың
Последние статьи автора