Дінге бет бұрған «Жігіттер» тобының әншісі өнерден бас тартпақ па?
Ән айту харам ба, „домбыра — шайтанның таяғы„ деп жүргендердікі не? Дінде жүрген әншілер бұл пікір туралы не ойлайды?..
Бұл сауалдарға 31 телеарна тілшілері жауап іздеп көріпті.
«Өнерді харам деп те, халал деп те айта алмаймын. Менің түсінігімше, әннің өзінің естісі бар, есері бар», – дейді әнші Нұржан Керменбаев.
«Егер ән айту күнә деген пәтуа шықса, бір күнде қоя саламын»,
– дейді Ердос Қанаев.
Соған қарағанда «Жігіттер» квартетінің әншісі ән айтудың дұрыс-бұрыстығына аса сенімді емес секілді. Дегенмен азан шақыруды жөн көреді. Оның Алла үйінде азан шақыруына имамдардың өздері рұқсат берген екен.
«Діни басқарманың имамдары рұқсат берді. Дауысың жақсы екен, әншісің ғой деді. Содан сол азан шақырған видео желіде тарап кетіп, бұл туралы бәрі біліп қойды», – дейді «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев.