Дина Төлепберген жалаңаш денесін жастықпен жауып алматылық полицейге қолдау білдірді

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген атышулы "жастық челленджіне" қатысып, басы дауға қалған полицейді қолдап шықты. Тәртіп сақшысына қолдау көрсете одан қайталап, жастықпен түскен фотосын жариялаған журналис те елдің аяусыз сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Дина Төлепберген Instagram парақшасында жалаңаш денесіне жастықтан жасалған көйлек киіп алған суретін жариялап, желіні шулатты.

 

БАҚ өкілі бұл әрекетке аталмыш челлендж салдарынан даулы оқиғаға тап болған полицейді қолдау үшін барған көрінеді. Журналист жастықпен түскен фотосы үшін қызметтік тексеріске ілінген тәртіп сақшысының оқиғасын түсіндірді.

 

"Суретке түстім. Күйеуіме жолдадым. Күлдік. Таңертең тұрсам, бүкіл әлеуметтік желі шулап жатыр. Қызметтік тергеу басталыпты. Меніңше тура осы сценарий Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасарымен болған. Оның шу болған суретін біреудің қасақана жариялағаны анық. Ал фотоға анықтап қарасақ, кәдімгі қарапайым, жатын бөлме. Құқық қорғау қызметкерінің халықтың ақшасымен баспанасын алтын жалатпағаны анық. Бұрышта кішкентай қорап. Онда ойыншықтар. Соған қарағанда, ол да біреудің әкесі. Карантин кезінде полицейлерге оңай емес. «Неге көшеде себепсіз жүрсіз?» деген сұрағын көтере алмай, жұдырық ала жүгірген тұрғын қаншама. Шын мәніне келсек, олар өзін емес, сіздің қауіпсіздігіңізді ойлап жатыр емес пе?! Әлгі полицей менің туысым да, танысым да емес. Бірақ мен осы суретке оны қолдау үшін түстім. Формасын шешіп, денесін жастықпен жапқанында ешқандай сорақылық көріп тұрғаным жоқ. #QuarantinePillowChallenge. Ал ұлыма анасының жаңа көйлегі ұнағандай" , - деп жазды ол.

 

Полицейге қолдауын көрсетпек болған тележүргізушіні де жел оқырмандары сынап тастады. Олар Дина Төлепбергеннің қылығын аса ерсі санаған. Айта кетейік, бұған дейін Алматылық лауазымды полицейдің жастықпен түскен суреті желіде қызу талқыланған болатын.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста