Димаштың шетелдік жанкүйері қазақша ән шырқап, көпшілікті таңғалдырды
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің көрермендер арасынан белгісіз бойжеткенді сахнаға алып шыққан видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Сахнада “Махаббат бер маған, тағдыр” әнін орындап тұрған Димаш Құдайберген микрафонды жанкүйердің біріне тосып, ән айтуын сұрады. Шетелдік божеткеннің дауысы таңғалдырғаны соншалық, Димаш оны сахнаға шығарды.
“Күте тұрсаңыздар. Мұнда келіңіз. Қайдасыз? Сіз кімсіз? Мұныңыз не? Сізді көргеніме қуаныштымын. Қобалжымаңыз. Сіздің дауысыңыз сондай керемет. Жәй ғана шырқаңыз”, – дейді Димаш бойжеткенге микрафонды беріп.
Жиналған қауым талантты жанкүйерге қошемет көрсетіп, қолдады. Таңғалысын жасыра алмаған Димаш Құдайберген бойжеткенді құшақтап, сахнадан шығарып салды.
Бойжеткеннің есімі Кристи, Димаштың румыниялық жанкүйері екен.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz