Димаштың әкесі ұлын сынаған дінтанушыға жауап берді

Димаштың әкесі ұлын сынаған дінтанушыға жауап берді

Танымал дінтанушы Мұртаза Жүнісұлы (Бұлытай) Қытайда өтіп жатқан «I am singer-2017» байқауында қытайлық жанкүйерлердің де қошеметіне бөленіп жүрген әнші Димаш Құдайбергеновтің бұл жетістігін Қытайдың астыртын саясатымен байланыстырған еді. Осыған байланысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев жауап қатты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұлытай мырза, сонда, сіздің ойыңызша, музыка, өнер еңбек емес екен ғой? Бұл сала зияткерлікке де жатпайтын шығар? Жеті жыл музыка мектебінде, одан соң төрт жыл колледжде, бес жыл жоғары оқу орнында оқып, күні-түні аспаптың жанында даярланып, өзін-өзі шыңдап, ел атынан өнер көрсету үшін тер төгу – еріккеннің ермегі екен ғой? Музыканың қыр-сырын меңгеріп, мемлекеттің атынан шет жерде сынға түсу үшін қаншама оқып, тіл үйреніп, репертуар даярлап, қиын партияларды жаттап, іздену де, сіздіңше, білімділікке жатпайды екен ғой? «Қазақтың ұлдары мен қыздары қандай келбетті, талантты!» деп басқа елдер сүйінсе, неге шымбайыңызға батады? Әлде сізге қазақты ұсқынсыз етіп көрсеткен ұнай ма? Оның астарында не бар?», – дейді Қанат Айтбаев.

Оның айтуынша, әншіге пікір айту үшін ең болмаса вокал жөніндегі қарапайым ұғымдардан хабардар болу керек деп санайды.

«Димаш – сіз айтқандай, «жіңішке дауысты әнші» емес, «төменгі регистрде де, колоратуралық сопранолар ғана айта алатын жоғары ноталарды да еркін шырқай алатын, дауыс диапазоны өте кең, сирек кездесетін әнші» деп Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Украина, Қырғызстан, Түркия және Қытайдың ең беделді музыка мамандары баға берген өнерпаз. Мұны бәрі – табиғи жаратылыспен қоса сіз өнер адамдарына бұйыртқыңыз келмей отырған тынымсыз еңбектің нәтижесі!», – дейді әкесі.

Ақтөбе облысының Мәдениет басқармасының басшысы «...бұл байқауға Димаштың қатысуы – қытайлардың саясаты» деген пікірге де жауап берді.

«Қазіргі заманда адамзат жабық қоғамда өмір сүре ала ма? Әлемде көптеген спорттық жарыстар, олимпиадалар, өнер додалары, музыкалық фестивальдер, конкурстар көптеп өткізіліп жатады. Негізгі мақсаты – елді таныту. Қазақстанның атынан талай азаматтарымыз көптеген шараларға қатысып жатады, соның бәрінен саясат іздейміз бе? Әр саланың мамандары мүмкіндігінше еліміздің әлеуетін көтеріп, мемлекетімізді жақсы қырынан танытуға талпынса несі айып? Қаншама жігіттеріміз бен қыздарымыз халықаралық деңгейде жақсы жетістіктерге жетіп, жүлделермен оралып жатыр, солардың барлығының жеңісінен жымысқы саясаттың астарын іздейміз бе?Димаш бұл сайысқа біздің жеке қалауымызбен (!) Қытай тарапына ұсыныс түсіргеннен кейін бірнеше іріктеу кезеңінен өтіп, кәсіби шеберлігін толық дәлелдегеннен кейін ғана қатысуға жолдама алды. Бұл дода, сіз ойлағандай, қазақты алдаусырату үшін ойластырылған жоба емес, бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан, Еуропа мен Азияның түрлі елдерінің ең танымал, кәсіби әншілері ғана қатыса алатын телевизиялық конкурс»,– дейді Қ. Айтбаев.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста