Әйгілі қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген әйелдерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге барлық жақсылықты, яғни бақыт, махаббат, отбасының амандығын тілеймін. Армандарыңыз орындалып, балаларыңыз лайықты адам болып өссін. Ерлеріңіз үнемі жандарыңызда болсын», - деді Д. Құдайберген өзінің концертінде.
Еске салайық, әнші қазір "Арнау" концерттік бағдарламасымен әлемнің бірқатар елдерінде өнер көрсетуде. Бұған дейін Димаш Ресейдің бірнеше қалаларын өзінің концертімен аралаған еді. Димаштың бұл құттықтауы Ригадаға ән-шашу кешінде түсіріліпті.