Димаш Құдайберген: Әр әйел - бақытты болуға лайықты!
Қытайдағы Хунан телеарнасының «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан әнші Димаш Құдайберген өзінің Инстаграмдағы парақшасы арқылы барша әйел қауымын 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Құрметті, Асыл жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, ақылы мол апалар, қылықты қарындастар! Көктем келген кезде көңілімізді жадыратын нәзік жандылардың мерекесі қатар келеді. Әр әйел - бақытты болуға лайықты! Әр нәзік жандылар - сүйіктісінің назарында болуға лайықты! Баршаңызды Халықаралық арулар мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Бүгінгі қыз - ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар! Мерекелеріңізбен!!! Құшақтадым баршаңызды!», - деп жазды әнші.
Автор: Марлан Жиембай