Украиналық «Голос страны» музыкалық байқауының қатысушысы өзінің талантты досы туралы пікірімен бөлісті.
Индираның айтуынша, олар Димаш екеуі де Ақтөбеден, бала кездерінен достық қарым-қатынаста.
«Біз Димашпен бір қаладанбыз. Дос болғанымызға 10 жылдай уақыт болды. Ол мен білетін адамдардың ішіндегі ең мейірімді, адамгершілігі жоғары және тамаша адам. Ол менің жаным», — деп жазды ару қыз.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды украиндық жобаға қазақстандық орындаушылар Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаров қатысты. Екеуі де суперфиналға жете алғанымен, өкінішке орай, жеңімпаз бола алмады.
Дауыс беру нәтижесінде Роман Сасанчин жеңіске жетті. Ол Киевтегі екі бөлмелі пәтердің иесі атанды.