Дертті дендететін әндер көбейді...

Абай Омаров (коллаж)

«Әннің де естісі бар, ессізі бар» деген сөз дәл бүгінгі әндерге қаратылып айтылғандай. Мәнді де мағыналы әндер – көбіне-көп бұрындары дүниеге келген әндердің қазіргі жаңа үлгісі ғана. Негізінен, сөзі де, сазы да бір сарынды дүниелердің қаптап кеткені рас.

Қазіргі таңда көпшіліктің ұялы телефондарында жүрген әнші Айқын Төлепбергеннің орындауындағы «Паһ-паһ» әні жұртқа таныс. Әуені жеңіл, жастардың стилінде. Қатты сынға ұшырап жүрген «сүйдім, күйдім» деген секілді өлең жолдарынан махаббат отына күйіп жүрген адамның халін байқайсың. Ал «Паһ-паһ» әнінен не айтқысы келіп отырғанын түсіну қиын.
«Паһ-паһ, қандай ғажап иіс,
Шат-шат, шат қиялыма ілес.
Қандай ыстық жүрегіңмен сүйіс,
Созылған кірпігіңмен күй іш».

Мысалы, осы шумақта не мағына бар?
Өлеңнің әрі қарайғы жолдары тіпті сорақы!
«Паһ-паһ, бәрі – сенің еркіңде,
Жаныма жол тауып өтуге.
Сәнің, тәнің, талғамың – өзіңде,
Және мендей жігіттің қарсы емессің ертуіне… деп кете береді.
Осындай әндердің қатарына «Денар» тобының орындауындағы «Қара көйлек» әнін де жатқызуға болады. Оны тыңдай отырып, мәдениеттің осыншама құлдырағаны ма деген ойға қаласың.
 Маған ғашық болған қыздар
                        ешқашан болмайды қапа,
 Ал мендей жақсы жігітті
                        ұнатпаған қызға айтамын:
Сүймесең, «проблема» қанша, қош бол,
                                 бақытты бол, жаным.
 Ақ көйлек кисем болар еді,
                           ақ көйлегі пәк мақтадай,
 Көк көйлек кисем болар еді,
                         түсі көктей, көк аспандай.
 Қызыл көйлекті кисем болар еді,
                           түсі гүл сіңген даламдай,
 Бірақ кидім қара көйлек бір нағыз
                             «крутой» адамдай...

Әннің бүкіл деңгейін осы екі шумақтың өзі-ақ көрсетіп тұрғандай. Негізінде, әуені испан әнінен алынған, қазақ тілінде орындалғанымен, кейбір сөздері орысша. Ал әнге бұлайша эксперимент жасауда не мағына бар?
Тыңдарман құлағына түрпідей тиіп жүрген дүниелердің бірі – «Аршат» тобының орындауындағы «Көбелектің әні». Осы әннің қайырмасына назар салсақ:
Үнсіздіктің мәні, көбелектің әні,
Оранып отқа өртенген.
Көбелектің әні, көбелектің әні
                                    құлағыңа жетер ме?
Көбелектің әні тек өзіңе мәлім,
Өзгелерге ол естілмес,
Көбелектің әні көктемде туады...

Мұндай қарадүрсін мағына бұрындары тіпті көше әндерінің өзінен де кездеспейтін. Осындай әнсымақтардың ел ішінде кеңінен таралып, жастар қосыла шырқайтын дүниеге айналуы, жалпы, тыңдарман қауымның да әнге деген талғамының тым төмендеп кеткендігін көрсетеді. Есесіне соңғы уақытта ата-анаға, Отанға деген сүйіспеншілікті, махаббатты жырлайтын, тыңдарманды адалдыққа, патриоттық сезімге баулитын әндер сиреп барады.
Мамандардың пікірінше, ән – адам санасына әсер ететін бірден-бір қуатты құрал. Мысалы, психологиялық ауруларға ұшыраған немесе жүйкесі жұқарған адамдарды әнмен де емдеуге болады. Сол себепті де мамандар таңертең көңілді, ойнақы, ал жатар алдында баяу әндерді тыңдауға кеңес береді. Ал енді ән әлемінде осындай көңіл құлазытарлықтай жағдайдың қалыптасып отырғанына кім кінәлі? Талғамы төмен тыңдарман ба әлде репертуарына жете мән бермейтін әншілер мен халыққа жеңіл-желпі дүниелерді ұсынып жүрген ақын-композиторлар ма?
Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың бұл жөніндегі көзқарасы: «Музыканың екі түрі бар. Оның бірі – адамды ізгілікке тәрбиелейтін музыка, екіншісі – қиратқыш музыка. Сол қиратқыш музыка қазір алға шықты. Құнсыз әндердің көбеюі және халықтың сондай әндерге құмар болуы – рухани құндылықтардың қажет болмай қалуынан. Әндердің халыққа танылуына БАҚ-тың үлесі зор. Алайда радио, теледидарда отырған адамдардың көпшілігінің оған жаны ауырмайды. Қазір барлығы ақшамен өлшенетін болды. Кезінде Гитлер «жаулап алған елдерге қандай саясатты ұстанамыз» деп сұраған жандайшаптарына: «Оларға ертеден кешке дейін даңғырлаған ән беру керек. Себебі кітап оқуға, рухани кемелденуіне уақыты болмайды. Ондай адам өзін бақытты сезінеді», – деп жауап берген екен. Талай жылдар бұрын айтылған бұл сөз бүгінде артығымен іске асты», – дегенге саяды...


Бір пікір
Бағдат СӘМЕДИНОВА, әнші:
– Мағынасыз әндердің көбейіп кетуіне тікелей әншілер кінәлі. Себебі қандай әнді болсын орындап, халыққа танытатын әнші екені сөзсіз. Өз басым әнді орындамас бұрын ең бірінші оның сөзіне үлкен мән беремін. Егер жеңіл-желпі ән болса, бірден бас тартамын. Егер әрбір әнші орындайтын шығармасына жоғары талғаммен қараса, мұндай жағдай болмас еді.


 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста