…депті

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..

Қасым неге сыналды?
Қазақ поэзиясының классиктерінің бірі Қасым Аманжолов елуінші жылдардың басында сталиндік жандайшаптардың талқысына көп түсіпті. «Ұлтшыл» деп айып тағылып, көп сыналыпты. Осындай жадап-жүдеп жүрген шағында, бірде сырлас бір досына:
– Мені сынап жүргендердің бәрі де менше жазғысы келеді. Бірақ амал қанша, жаза алмайды. Сосын да мені сынайды,– деп мұңын шағыпты.

Бас пен маңдай
Белгілі балалар жазушысы Құрманбай Толыбаев – қос самайында ғана селдір шашы бар, жалтырбас кісі. Сол кісі «Балдырған» журналында істеп жүрген кезде сатирик ақын Оспанхан Әубәкіров анда-санда келіп, еркелеп «бас жазуға» тиын-тебен алып кетіп тұрады екен. Бірде Құрекең Оспанханға:
– Осы саған қашаңғы мен тегін бере бермекпін ақшаны. Мықты болсаң, кәнеки, мені мақтап табан астында өлең шығар! – депті.
Сонда Осекең мүдірместен:
Толыбаев Құрманбай,
Жомарттығы қандай!!!
Құрекеңнің басы –
Тұтасымен маңдай,–

деген екен. «Саған дауа жоқ», – деп Құрекең ақша іздеп, тағы да төс қалтасына қолын сала беріпті.

«Бастығым Тұманбай болса..»
Қаламақы алатын касса алдында «Зерде» журналының жауапты хатшысы, журналист Әшірбек Амангелдиев пен «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, балалар ақыны Сұлтан Қалиев кездесіп қалыпты.
– Сұлтеке, сіз бұрын Сұлтан едіңіз, соңғы кезде Сұлтанбай деп қол қойып жүрсіз, оныңыз қалай? – деп сұрапты Әшірбек. Сонда Сұлтан (шын аты Сұлтанбай) мүдірместен:
– Жаңа бастығым ақын Тұманбай болса, мен қалай Сұлтанбай болмайын, – деп жауап берген екен.

Садықбектің өлеңі
Мұз еріп, тұман түсті
Өлеңнің «Төлеуі»
Жүйрік машина
Маралтай ақынның «...дегендері»
Ашу қысса
Менің басым қайда кеткен?...
Дарқан мінез
Аптаның әр сейсенбiсiнде өтiп тұратын
Зекеңнің ашуы
Қайталанған қате
Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста