…депті

…депті

Садықбектің өлеңі
Қайнекей Жармағамбетов пен Садықбек Адамбековтің «Ара» журналында істеп жүрген кезі екен. Бірде Сәкең журналдың бас редакторына кіріп ақша сұрапты. Қанекең мырс етіпті де:
– Есікті жауып кабинеттен шық та, іле қайта кіріп төрт жол өлең шығар. Сосын көреміз,– дейді.
Сәкең де: «Құп»,– деп шапшаң басып кабинеттен шығып кетеді. Артынша кіріп келеді де, сахнадағыдай алдына келіп, бір тізерлей жүгіне қалып:
Қайнекей-ау, Қайнеки,
Садықбегің мінеки.
Ақшаң бар ма, кәнеки?
Ресторан әнеки!
– деп терезе жақты нұсқапты.

Сөз жәрдем
Алматының Масаншы көшесінде тұратын бір жас әнші кешігіп қалғаны үшін жұмыстан шығып қалады. Кележатып Сырбай ақынға кездесіпті.
– Ағатай, жәрдем етіңізші?– деп жалынады. Сонда Сырбай:
«Көшесінде Масаншы
Тұрушы еді жас әнші.
Шырылдатпай байғұсты,
Қайта орнына алсаңшы?» –

деп жазады да: «Осыны директорыңа апарып бер»,– дейді. Ертеңінде әлгі жас әнші Сырбай ағасына:
– Ағай, рақмет! Қызметіме қайта қабылдандым! – деп мәз болып телефон шалыпты.

«Академиктің баласы емеспін ғой»
Пианино ойнап, нота жазып отырған академик–композитор Ахмет Жұбановқа қызы Ғазиза «ана нотаны дұрыс алмадыңыз, мынасы олай емес» деп ескерте беріпті. Сонда Ахаң:
– Қызым-ау, мен сен сияқты академиктің баласы емеспін ғой. Жай қара шаруадан туғанмын, сондықтан да қателесуім заңды,– депті.

«Ел сенен ақыл сұрар дейсің бе?»
Үлкен бір жиналыста қаржы министрі баяндама жасапты. Үзіліс кезінде бес-алты кісі ортасында әңгіме айтып тұрған Мұхтар Әуезовке әлгі министр келіп, сәлемдесіпті де:
– Қалай, Мұқа, менің баяндамам сізге ұнады ма? – депті. Сонда Мұқаң:
– Пәлі, ел сенен ақыл сұрар дейсің бе, ақшаңды беріп тұрсаң болғаны да,– деп, жұртты ду күлдіріпті.

Мұз еріп, тұман түсті
Өлеңнің «Төлеуі»
Жүйрік машина
Маралтай ақынның «...дегендері»
Ашу қысса
Менің басым қайда кеткен?...
Дарқан мінез
Аптаның әр сейсенбiсiнде өтiп тұратын
Зекеңнің ашуы
Қайталанған қате
Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста