… депті

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы  «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..

Май мен су
Елуінші жылдардың орта тұсында Жазушылар одағында драматургияның келелі мәселелері туралы жиналыс өтіп жатады. Бір кезде сөз кезегі халқымыздың қадірменді өнерпазы, белгілі актер Серке Қожамқұловқа беріледі. Ұлы актер баппен басып мінбеге көтеріледі. Жұртшылыққа қарап, болар-болмас жымиып қояды. Сонан соң әр сөзін әдеттегідей шегелей сөйлеп кетеді. Сөз арасында:
– Баяғыда Гоголь «Өлі жандар» атты романының екінші томын өз қолымен өртеп жіберіпті. Сөйтіп өнердің парқына өлермендіктің нарқын құрбан еткен ғой... Ал біздің Н. секілді драматургіміздің жазған пьесаларының үстіне бензин құйып өртесең де жанбайды. Себеп неде десеңіздер, себебі Гоголь шығармалары тұп-тұтас май. Ал біздің сабаздікі – кілең су. Су отқа жанушы ма еді!– деген екен.

Гүлдену мен пісу
Белгілі фототілші Сайлау Пернебаев бірде туған ауылына барады. Ауыл адамдарының бірі жыға танып, бірі шырамытып көптен көрмеген Сайлауға сәлем беріп жатады.
Осындай жағдайда ауылдың егделеу бір адамы келіп сәлемдескен соң:
– Ау, осы сен Пернебайдың баласы емеспісің, сырт бәденің келіп тұр!– дейді.
– Болсақ болармыз,– деп Сайлау сыпайы ғана жауап қатады.
Ал ақсақал болса онымен қоймайды, қазақы ашықтықпен:
– Бала кезіңде көмірдей қара шашың көзіңді жауып, ертеден қара кешке дейін асыр салып ойнаушы едің. Енді міне, сенің де шашыңа ақ кіріпті, – дейді ғой.
Сонда Сайлау тұрып:
– Ақсақал, шаштың ағарғаны – гүлдегені, түсе бастағаны – піскені болады!– деген екен.

Қайратты іздегенде
Ақындар Хамит Ерғалиев пен Сырбай Мәуленов «Жазушы» баспасына келеді. Хамаң ана есікті бір ашып, мына есікті бір ашып ақын інісі Қайрат Жұмағалиевті іздейді. Жуық маңда табыла қоймайды. Хамаң шарқ ұруын қоймайды. Жанында жүріп әбден төзімі таусылған Сырағаң сонда шыдамай кетіп:
Ойпыр-ай, Қайрат қайда, Қайрат қайда?
Қайратсыз күнім туып, ай батпай ма.
Хамаңның қалтасында он сом жатыр,
Сол бізді Қайратсыз да сайратпай ма?!–
деген екен.

Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста