Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..
Шетен қалпақ
Ұлы Абайдың Әзімбайдан тарайтын ұрпағы Фатих Дінисламов – ақындық, аудармашылық еңбегімен танымал болған кісі. Көп жылдар бойы ол «Жазушы» баспасында еңбек еткен.
Бірде Фатих жұмысқа шетен қалпақ киіп келіпті. Мұны көрген Сырбай Мәуленов:
Қалпағыңыз шетеннен,
Келдіңіз бе шет елден,
Басыңыз да мықты екен,
Мұндай жүкті көтерген;
Ұрпағы деп Абайдың,
Айтпапты ел бекерден!–деген екен.
Еліктеу
Белгілі жазушылар Сәкен Жүнісов пен Адам Мекебаев 1985 жылы Мәскеудегі Жоғарғы әдеби курсқа оқуға түседі. Сонда тапқыр, әзілге жүйрік ақын Қадыр Мырзалиев:
– Адам – Сәкен боламын деп, Сәкен – Адам боламын деп оқып жатыр,– деген екен.
Алғы сөз
Бауыржан Момышұлына бір жазушы:
– Бәуке, Москва маңындағы шайқастар туралы кітап жазып едім, үстінен қарап шықпас па екенсіз. Содан соң екеуміз соавтор болсақ,– деп тілек білдіріпті.
– Дурак,– депті Бәукең шарт сынып.– Ішінде бір сөйлемім жоқ, мен қалайша соавтор болмақпын. Одан да алғысөз жазып бер демейсің бе?!
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз