Қазақстанды мекен ететін түрлі ұлт өкілдерінің татулығын, көршілес Ресеймен достық қатынасты нығайта түсу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара ұлттық мәдениетімізді,
Шілденің шіліңгір күнінде біздің елімізге табан тіреген қонақтарды қонақжай қазақ елі құшақ жая қарсы алды. «Орленок» әскери-патриоттық клубының мүшелері, бауырлас халықтың балалары қонақтарға арнайы дәм әзірлеп, әсем ән мен күй, көңілді би, жүрек тебірентер көріністерімен жиылған жұртты көзайым етті. Ресейліктер тарапынан Сібірдегі Десанттар одағының басшысы Сергей Юрьевич өздеріне көрсетілген құрметке алғысын білдірді. «Біз қазақ пен орыс қашанда біргеміз және ешқашан бірлігіміз ажырамайды деп ойлаймын. Мен өзім Ауған соғысының ардагерімін. Әскери өмірді бастан кешкен адам ретінде өзімнің көрген-білгенімді, әскери-патриоттық тәрбиені бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Ресейде арнайы клуб құрғанбыз. Бүгінде осы клуб мүшелері бірлесіп, Орталық Азия елдеріне саяхат жасаудамыз», – дейді ол.
Әділет Нысанбаев, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы: – Балалар жазғы демалыста уақыттарын тиімді өткізіп, әрі демалып, әрі өздеріне пайдалы іспен айналысқандары жақсы ғой. Алматы қаласында біздің қорға қарасты 40-қа жуық демалыс орталықтары, түрлі клубтар жұмыс істейді. Олардың көпшілігі мектеп жанынан ашылған, әр клубтың өз бағыт-бағдары бар. Бірі балаларды спортқа баулыса, енді бірі көркемөнерпаздарға арналған түрлі үйірмелер болып келеді. Жалпы алғанда, жылына аталған клубтарда 4 мыңға жуық бала қамтылады. Біз өз тарапымыздан клубтарда түрлі шараларды ұйымдастыруға қолдау жасап тұрамыз.
Елена Сергеевна, «Орленок» клубының жетекшісі: – Біздің клубта балалар әскери әндер жаттайды, әскери тәртіппен сапқа тұруды үйренеді, жалпы патриоттық тәрбие алады. Тәжірибелі педагогтардың ұйымдастыруымен бұл жерде спорттық ойындар, жарыстар өтіп тұрады. Балаларымыздың әскери саланың мамандарымен кездесіп, пікірлесуге мүмкіндіктері бар. Болашақта өз балаларымыздың да басқа елдерге баруына, көршілес мемлекеттің балаларымен қоян-қолтық араласып тұруына ықпал еткіміз келеді.