Біраз уақыттан бері көрінбей кеткен «Дауыс International» тобының экс-әншісі Жадыра Құтпанова көпшілікке қызын көрсетті.
Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қызы Марияммен түскен суретін жариялады деп хабарлайды baistars.kz.
Әнші Аян есімді жігітке тұрмысқа шыққан. Қазір ол барлық уақытын отбасына арнап жүрген көрінеді. Сахнадан көрінбей кетуінің басты себебі де осы сияқты.
Естеріңізге сала кетсек, Жадыра Құтпанова 2002 жылы «Дауыс International» тобына келіп, Рано Умарова, Әсел Садуақасова, Айша Байбосынова болған құраммен өнер көрсетті.
Кейіннен 2009 жылы жеке әнші ретінде топтан бөлек шығып, шығармашылығымен өзі айналыса бастады. Ең алғашқы бейнебаяны «Мама» атты әніне түсірілген. Сонымен қатар, «Жарайсың» бағдарламасын жүргізді.