«Дауыс international» тобы өткен жылы құрамын өзгертіп «Қамажай» атты әнге бейнебаян түсірген еді. Алайда, халықтың көзіне үйреніспей жатып оларды тарап кетті деген өсек ел арасында өріп жүр.
Бұл ақпараттың мән-жайын сұрап топтың продюсері Рано Омароваға хабарластық. Ол бұл сауалға былай деп жауап берді: «Топ ешқашан тарамайды. Бірақ, өзгерістер болғалы тұр», деп жауап берді.
Онда қазір Айнұр, Назым есімді екі қыз ғана қалған. Қазірдің өзінде топқа жаңа қыздар алған. Алайда, ол арулар Раноның көңілінен шықпай отыр. Сол себептен, жаңа кастинг жариялады. Егер сіз ән айтып, сахнада қозғала алсаңыз Омароваға хабарласыңыз. Жұлдыз атануыңызға тілектеспіз.
gakku.kz