Дәстүрді дәріптеу жеңілтектікті көтермейді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

27 қыркүйек күні Алматыдағы «Астана» алаңында дәстүрлі «Бауырсақ күні» мерекесі ұйымдастырылады. Биыл бұл мәдени-көпшілік шараға бес жыл толып отыр. Шараны «Бауырсақ күні» атты коммерциялық емес қор мен «Үлкен Алма» атты әлеуметтік жобаны қолға алып отырған ерікті топ және «Жетісу» кәсіпорны ұйымдастыруда.

Қазақ дастарқанының ең үлкен дәмі, ұлттық тағамымыздың ең қастерлісінің бірі – бауырсаққа арнап мереке ұйымдастырудың өзі қос қолдап қуаттайтын, халқымыздың ерекшелігін көрсететін, дәстүрімізді дәріптеуге шақыратын үлкен шаруа. Алматылықтар мен қала қонақтарының сағына күтетін тойына айналып келе жатқан «Бауырсақ күні» мерекесі жыл өткен сайын аясын кеңейтіп, оны ұйымдастыру барысы түрлі ойын-сауық, концерттік бағдарламалармен толықтырылуда. Биылғы мерейтойлық шараға дайындық үстінде жүрген бауырсақ күнін ұйымдастырушылар бұл жолы мереке бағдарламасы аясында арнайы «Алма жәрмеңкесін» өткізеді деп күтілуде. Оқырмандардың есіне сала кетсек: тәжірибелі ғалымдар әлемде өсетін жабайы алмалардың 30 түрінің атасы, біздің елде өсетін сиверс алмасы екенін дәлелдегені туралы жағымды жаңалықты отандық ақпарат құралдары жақында ғана жарыса жазған болатын.

Мина Бакарысова, «Бауырсақ күні» қоғамдық қорының көшбасшысы:

– «Жеңіл форматта өтетін осы мереке арқылы әр азаматтың бойына патриоттық сезімді ұялату, Алматы қаласына «Алмалы қала» мәртебесін беру, бауырсақты ұлттық брендке айналдыру көзделген. Мерекенің негізгі мақсаты – жұртшылыққа «жабайы» орманда өсетін әлемдік сиверс алмасының мәдени құндылығынан хабардар ету, алманың жаңа түрлерін өсіру жолдарын табу, тектік қорын сақтап қалу сияқты өзекті мәселелерді көтеру жобаның негізгі идеялары болып табылады.

Бірақ неге екені белгісіз, «бауырсақ пісірушілер» өздерінің бес жылдығын алма тақырыбына арнап отырған сыңайлы. Дегенмен әр нәрсенің өз жөні бар емес пе? Біз осынау сауапты шараны ешкімнің тапсырмасынсыз ерікті түрде қолға алып, бастаған істерін жалғастырып жүрген топқа топырақ шашудан аулақпыз.

Таяуда аталған шараны өткізуге байланысты журналистер тобына берген сұхбатында жобаның авторлары өз ойларын кеңінен тарқатып беруге тырысқан. Біздің түсінбегеніміз, оңтүстік астана атанған Алматы қаласына «Алмалы қала» мәртебесін беру идеясын қозғап, қоғамдық ойдың тууына түрткі болу үшін өзге бір тойдың қазанына ортақтасу қаншалықты қисынды? Осылайша «Бауырсақ күні» деп аталатын тәп-тәтті мерекенің мәні мен мазмұны көмескіленіп кететін сыңайлы.

Дегенмен көпшілігіміз бауырсақ мерекесіне қосақтамай, Алматының алмасына өз алдына жеке бір мерекелі күн жарияласа да болады ғой деген ойда қалдық. Осындай қоңыр күздің бірінде қала жұртшылығы Алматыда «Алма күнін» атап жатса, қане! Мысалы, бірқатар Еуропа елдері 21 қазанда Халықаралық алма күнін атап өтеді. Америкалықтар болса, қызыл алманы дәріптеу үшін жыл сайын 20 ақпанда түрлі кулинарлық жарыстар ұйымдастырады. Ал ұлттық «Бауырсақ күні» бізде ғана бар. Алдағы уақытта бұл шара еліміздің барлық өңірлерін қамтыса деген тілегіміз де жоқ емес.

Әйтсе де гәп басқада. Бауырсақты ұлттық брендке айналдыру, алмаға ерекше мәртебе беру... Әрине, идея жақсы. Бірақ бар мәселе осы идеялардың қалай, қай бағытта және кімдер үшін жүзеге асуында. «Бауырсақ күні» өтеді дегенді естіп, біз де біраз елеңдестік. Осы шараға қатысты аз-кем дүниелерді елден сұрап, интернетті қарап дегендей... «Бақсақ, бақа екен» демекші, біздің өкінішімізге орай, негізінен «День баурсака» деп аталатын қоғамдық қордың арнайы электронды сайтынан қазақша жазылған бірде-бір сөз таба алмадық. Өздерін «баурсаки» деп атайтын орыстілді қор мүшелері бауырсаққа арнап жеңіл-желпі ой мен олпы-солпы сөздерге құралған орысша гимн жазған екен. Назарларыңызға мәтіннің түпнұсқасын ұсынамыз.

Гимн баурсаков
Я такой же, как ты.
Я, как ты – баурсак!
Я люблю Казахстан!
Мне в нем просто ништяк!
Наша Родина – здесь!
И язык наш – один!
Вместе День Баурсака
Устроить хотим!
Так, давай, приходи,
Майку с флагом одень.
Оторваться хотим!
Без политики день!
Потусуемся клево,
Съедим баурсак,
И под гимн водрузим,
Государсвенный флаг,
Потому что он – наш,
Как кымыз и казы!
Баурсак, приходи!
Казахстан – это мы!

P.S. Әншейінде, «Халықтың еркесімін!» деп әкім-қараларға ода жазып, сыйлық алып, көрініп қалғысы келетін ақындар осындайда неге көрінбейді? Шымкенттің сырасын әспеттеп, тек тойға ғана арнап ән жазатындар, сол тойдың дастарқанына дәмі мен сәнін беріп тұратын бауырсақты неге әнге қоспайды? Дәстүрді дәріптеу – жеңілтектікті көтермейді емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста