Дәрігер «Ұрпаққа хат» жазды

Дәрігер «Ұрпаққа хат» жазды

Кеше «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі Амантай Біртановтың «Ұрпағыма хат» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта автор өзінің өмірден көріп, көңіліне түйгендерін ой таразысынан өткізіп, бала тәрбиесі, ұрпақ болашағы туралы ойларын ортаға салған. Жақында ғана 65 жасқа толған автордың бұл – алғашқы кітабы емес.

Бас-аяғы 12 хаттан құралған кітаптың соңында автор: «Сен де өмірден өтетін күн туар. Жасаған жақсылықтарың мен жамандықтарың таразы басына салынар. Сонда сенің рухыңа Алладан рақым, пайғамбарымыздан шапағат сұрап жалбарынатын жан бар ма? Қай балаң, қай немерең Құдайдың разылығы үшін сенің рухыңа құран бағыштап, қол жайып отырады? Бар ма? Үйреттің бе? Артыңа қандай ұрпақ қалдырып бара жатырсың? Не үйреттің? Қалай тәрбиеледің? Жеті атасын білетін, жүрегінде имандылық бар ұрпақ па?» – деп көпшілікке сұрақ қойып, ұрпақ тәрбиесінің осал болмауы керектігін көпшіліктің есіне салады. 40 жылдан бері денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан дәрігер қолынан шыққан шығарма көпшіліктің ықыласына бөленуде.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, жазушы:
– Амантай Біртановтың бұған дейін жарық көрген «Өмір туралы ойлар» атты кітабын оқып шыққаннан кейін үлкен ой түйіп, пікір айту үшін авторына өзім іздеп хабарласқан едім. Негізі, тағдырлы адамдардың жазған кітабы әсерлі оқылады. Осы орайда оқырманына ойсалар кітап ретінде ол кітапқа үлкен баға берген едім. Ал мына «Ұрпағыма хатты» тұтас бір ұлттың ұрпағына жазылған шығарма ретінде жоғары бағалаймын. Осындай адамзатты адамгершілікке шақырар, ізгілікке толы шығармалар көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста