Даналар туралы жаңа басылым

Өткен жылдың соңына таман Орал қаласында «Дана.kaz» деп аталатын  республикалық тарихи-танымдық журналдың тұсауы кесілді. «Қазақ баспасөзінің қатарын толықтырған жа­ңа ба­сылымның басты мұрат-мақсаты – ұлт тарихының, өл­кенің, халқымыздың жоғын тү­ген­деп, жастарға патриоттық тәр­бие беру ісіне үлес қосу. Журнал шығару идеясы – туған жердің тарихына деген перзенттік махаббаттан, ізгі ниеттен туған бастама», – дейді басылымның бас редакторы, журналист Қазбек Құттымұратұлы.


«Дана.kaz» журна­лының желтоқсан айында тұсауын кесіп, оқырманға танысты­рылуы тегін емес екен. Жел­тоқсан – әу бастан қазақ үшін қастерлі ай. Осыдан 95 жыл бұрын, дәл осы жел­тоқсан айында Алашорда автономиясы құрылған еді. 1986 жылы қазақ жастары желтоқсанда қылышынан қан тамған кеңестің өктем­дігіне қарсы шығып, еркіндік сұрады. Дәл осы желтоқсан айын­да, 1991 жылы ата-бабамыз сан ға­­сыр арман­даған Тәуелсіз­дік­ке қолы­мыз жеткені белгілі. 
Басылы­мның алғашқы нөмірі сонау 1940 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал өңірінің тумасы Ғұ­бай­­дол­­ла Әне­совтің жетекшілі­гі­мен құрыл­ған «Қазақ халқын қор­ғау­шылар одағына» арнал­ған екен. Ұлы Отан со­ғысы баста­лардан сәл бұрын, кеңестік дәуірдің қылышынан қан тамған қаһарлы кезінде осындай ұйым құрылып, құрамындағы 17 мен 23 жас аралығындағы балғын 14 боз­дақтың құрбан болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Осы одақ­тың іс-әрекеті, баста­масы, құ­рамында болған Ғұбай­долла Әнесовтей батырларға отандық тарихта лайықты баға беріл­мей, респуб­лика түгіл, өз өлкеміз­де дұрыс наси­хат­талмағандығы айтылады.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, журналдың бас редакторы:
– «Дана.kaz» танымдық басылым бол­­­ған­нан ке­йін, өзіміздің жергілікті жер­дегі, халық­қа жақын, ауызе­кі айты­­лып жүрген әңгі­­ме­лерді, оқиғалар­ды қам­­­­туға мүм­кін­дік бар. Тағы бір айтарым: ел ішінде ауызша айтылып, шашырап жүрген қымбат қазына, қолжазба, жә­дігер мол. Сондықтан оқыр­мандар, ел ара­сындағы ше­жіре жи­нап, өлке тари­хын білетін жандар бізге хабар­ла­сып, қо­лындағы құнды дү­ние­лерді журналы­мызға жария­ла­уына мүмкіндігі бар. Әр­кім­­­нің сандығы­ның түбінде жат­пай, ха­лық­қа жариялан­ға­ны, насихаттал­ғаны дұрыс деп есеп­тей­мін. «Құлпытастың кіл­тін аша­йық» деген айдарды ашу­дағы мақ­сатымыз: бүгінде қаншама құлпытас­т­ағы жазуларды оқи алмай жүрміз. Жақсы сапалы түсірілген суретімен бізге жолдаса, редакциямыз­бен тығыз жұ­мыс істейтін діни сауатты аза­маттар аударуға қол ұшын береді. Журналдың келесі нө­мі­­ріндегі «Махаббат аралы» ат­ты айда­рында Хамза Есенжа­нов пен Софья ана­мыз­дың ара­сындағы жұбайлық қа­рым-қа­тынас туралы, 100 жыл бұрын шық­қан «Қазақ­стан» газеті туралы қы­зықты, танымдық материалдар жария­ла­нады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста