Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен неге ажырасқаны туралы ашық айтты

Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен неге ажырасқаны туралы ашық айтты

Жуырда екінші мәрте шаңырақ көтеріп, қуанышын ел болып атап өткен танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт алғаш рет жеке өмірі туралы бар шындықты айтты. Тележурналистика майталманы осыған дейін ешкімге айтып көрмеген сырларын көрерменге ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол сұхбатын "Қазақ" радиосының журналисі Назира Бердалыға берген. Сұхбат барысында жары Мұратпен қалай танысқанын айтып берген Дана бірінші отбасының неліктен сәтсіз болғанын да жасырмады.

"Ол отбасында бір-бірімізге береріміз де, аларымыз да болды. Бірақ әңгімесі бітті. "Жұбайлар бар әңгімесі таусылған" демекші, әңгімеміз таусылды. Өмірімнің бұл белесі мен үшін үлкен мектеп болды. Бір-бірімен жараса алмаған жұбайлардың әңгімесі жабулы күйінде қалсын. Ол тақырыпты қозғағым да келмейді.

Астанаға ат құйрығын шорт кесіп келгенімнің себебі де осы болды. Мен ол кезде "Хабар" арнасынан кетіп қалдым. Он жеті жыл, 24 жасымда келіп, 41 жасымда "Хабар" арнасының есігін жапқан 2013 жылдан бері далада жүрдім. Ешкімге керексіз болып қалдым деп айтпаймын. Себебі мен фрилансерлік жұмыстарды істедім. Ешқандай корпорацияға тәуелді болмадым. Өз нанымды өзім тауып жедім. Өз тіршілігімді өзім кешіп жүрген жалғызбасты анаға айналдым.

Менің қандай қиындықтардан өткенімді, жалғыз қалып, қандай жағдайда өмір сүргенімді еш жерде айтқан жоқпын.

Оның себептерін еш жерде айтқым да келмейді. Мен жүнжіп, ел бетіне қарай алмай, бір ұрлық жасаған адамдай, мені біреу аясыншы дегенді жек көрем", - деді ол.

Оның айтуынша, дәл осындай күйзелісте жүрген сәтінде қазіргі жары Мұратпен танысып, оның қолдауына ие болған.

"Менің үйімнің киесі, иесі Мұрат деген азамат. Қызылордалық жігіт. Бұ кісімен екі жыл бұрын, өкінішке қарай, қайғылы жағдайда танысқан едік. Бәрімізге ортақ Батырхан Шүкеновтың жаназасынан кейін, қонақасында бір дастарханда отырған едік. Бірақ бәріміз жылап-сықтап, кіммен танысып, кіммен дастархандас болғаныңды аңғармайсың да. Қасымда бауырым Рүстем болатын, інім екеуіміздің қасымызға келді.

Содан шаршап-шалдығып, Астанаға келсем, көп хабарламалардың ішінен бөлекше, өзін өте бір жақын адам ретінде таныстырып, менің сол кезде ішкі күйзелісте жүргенімді білетін адам сияқты, хат жазып, көңілінді серпілтетін хат жазып, қанаттандырды.

Содан хат алыса бастадық. Бір айдай хат жазысып жүрдік. Бұл таныстықтың соңы осылай аяқталды", - деп әңгімеледі Дана Нұржігіт.

Еске салсақ, бұған дейін Дана Нұржігіт танымал журналист Владимир Рерихпен отбасын құрған. Бүгінде олардың бір ұлы бар. Кейіннен дәм-тұзы жараспаған жұбайлар айырылысып кеткен.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста