Отандық әнші Дана Кентай NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында өз клипіне неліктен Арман Қоңырбаевты түсіргенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі әншіден: "Бұл бейнебаянға Арман Қоңыр түскен. Неге? Ол сенің таңдауың ба? Режиссердің кеңесі ме? Аша Матай қызғанған жоқ па?", - деп сұрақ қойған.
Ал әнші ондай сұрақтарды Аша Матайға қоймағанын жеткізді.
"Продюсердің таңдауы. Ашадан "Қызғандыңыз ба?" деп сұрамадым. Шыны керек, сұрамағаннан кейін білмеймін. Қызғанады деп ойлайсыз ба? Арқамнан келіп құшақтағыны болмаса, қызғанатын ештеңе істеп тұрған жоқпыз.
Қазір мен бейнебаянның барлығына араласамын. Егер екі жыл айналып келетін болса, мен "Арман арқамнан құшақтамауы керек. Романтика аз" деп айтар едім. Өйткені, бұл жерде мен өзімнің не істеп жүргенімді білмеймін. Ән айтсам, сахнаға шықсам болды деген ой ғой. Ал қазір ой-өрісіміз толықты ғой. Қазір бұл бейнебаянды қарағым келмейді. Ойнаған рөлім, түрім ұнамайды", - дейді Дана Кентай.