«Дала дауысының» жеңімпаздары марапатталады

Астанада 6 желтоқсанда «Қазақстан» республикалық телерадио­корпорациясы» АҚ Қазақ радиосының төл жобасы – ІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі жеңімпаздарын марапаттау кеші өтеді.
Салтанатты рәсім «Қазақстан» орталық концерт залында cағат 19.00-де баста­лады. Бұл ірі жобада радиотың­даушылар мен кәсіби мамандар анықтаған үздік әндердің орындаушылары өнер көрсетеді. Шараға Қазақстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен өнер жұл­дыздары қатысады.
Қазақ музыка мәдениетіндегі барлық орындаушылық мәнерлерді қамтитын «Дала дауысы» жобасында жеңімпаздар «Дәстүрлі орындаушы», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық орындаушы» аталымдары бойынша марапатталып, фестивальдың «Жаңа есімдері» белгілі болады.
Жеңімпаздарды еліміздегі өнер және мәдениет, қоғам қайраткерлері мара­паттап, «Дала дауысының» арнайы ста­туэткасын және арнайы дипломдарын тапсырады.
ІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестиваліне 100 орындаушы қатысып, 20 орындаушы жеңімпаз атанды. Олар:
1. «Үздік эстрада әншісі» аталымы бойынша: «МузАРТ» вокалды-аспаптық ансамблі, Нұрлан Албан, Зағипа Иман­ғазиева, Адам, Алмас Кішкенбаев және V-ALEM, «Алашұлы» тобы, Ғани Мәтебаев;
2. «Үздік дәстүрлі орындаушы» аталымы бойынша: Ерлан Рысқали, Ырысты Сүлейменова, Ақмарал Ноғай­баева, Гүлмира Сарина, Ақмарал Ерім­бетова;
3. «Үздік академиялық орындаушы» аталымы бойынша: Станислав Ли, Дина Хамзина;
4. «Жаңа есімдер»: Анар Құмарова, Марат Медетов (Қазақстан) «Дос» дуэті (ҚХР), Фериал Башел (Түркия), Айдай Сәбитова (Қырғызстан), Салтанат Бигулина (Ресей).
«Дала дауысы» радиофестиваль ретін­де Қазақ радиосының эфирінде 2012 жылдан бастау алған болатын. Мақсаты – қазақ әнінің халықаралық деңгейдегі зама­науи, бәсекеге қабілетті төлтумалық қасиетін насихаттау, тыңдаушының тал­ғамынан шыққан шығармалар арқылы орындаушыларды марапаттау, ән дәс­түріміздің жалғасуына радиоэфир арқылы ықпал ету.
«Дала дауысы» – музыка арқылы қазақ тілін дүниежүзі елдері арасында насихат­тайтын Қазақстандағы бірінші радио­фестиваль. Фестивальға қатысушы шетел­дік үміткерге қазақтың немесе өз халқының әнін қазақ тілінде орындау талабы қойыл­ған. Ондағы мақсат – қазақ әнін шетел­діктерге орындату арқылы ұлттық музы­калық және поэтикалық тілді насихаттау, сіңіру.
«Дала дауысы» – тек қана радио­фестиваль емес, беделді музыкалық шеру. Қазақ радиосының миллиондаған тыңдар­мандары интернет арқылы сүйікті әндеріне дауыс беріп, жеңімпаздарды анықтайды. Үш-төрт апта бойы алғашқы бестіктен көрінген орындаушылар ғана финалға жолдама алады. Финалда «Дала дауысы» сыйлығының иегері 40% тыңдарман дауысы негізінде, 40%-ы мамандар сарап­тауы арқылы, 20 %-ы жоба ұйым­дастыру­шы­ларының ұсынысы арқылы іріктеледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста