«Дала даты» жарық көрді

Жуырда белгілі журналист, ақын, публицист, баспагер Құлтас Достановтың «Қазақ үнінің» кітапханасы» сериясымен «Дала даты» атты мақалалар, эсселер, өзекті әңгімелер мен өркени ойлар, өлеңдер мен дастандар топтамасы жарыққа шықты. Кітап «Үміт пен күдік күрескен», «Елім – елең, ауылым алаң болмағай», «Әр жүрек  мәңгі жалғыз», «Қазағымның қайраты – алашымның айбаты» атты төрт бөлімнен тұрады.

Құлтас
Әбсадықұлы Достанов
1963 жылдың 23 ақпа­нында Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Автордың бүгінгі әр қазақтың ба­сында бар проблеманы ашып көрсетуге бағыт­талған публицистикалық шығар­малары мен әсіресе спортқа қатысты сараптамалық мақалалары – өз алдына бір төбе. Құлтас ағамыздың спорт төңірегінде жазған ащы шындық аралас мақалалары мен айтқан сөздерін кез келген газет басып, кез келген телеарна көрсете бермейді. Себебі ол тек қана шындықты қалайды. Сол үшін де көзі ашық, көкірегі ояу жандар арасында зор абыройға ие.
«Тұран» баспасынан басылып шық­қан бұл кітаптағы әр мақаланың қай-қайсы­сын алып қарасақ та, тақырыптан бастап соңына дейін бір деммен оқып шығуға болатындай. Мәселен, бір ғана «Үміт пен күдік күрескен» бөліміндегі «Сын сағатта лауазымынан бас тарта алатын шенеунік бар ма бізде?», «Арыс­тардың ең асыл арманы өлген...», «Арқан­керген, Арқанкерген..», «Келешек құны», «Ауруын жасырғанның ақыры» немесе «Күшігінде таланса» дейтін шығармалары кім-кімді болса да, селт еткізері хақ.
Қазақ елі егемендік алып, ел есін жи­наған тұста республикалық «Жас алаш» газетінің хатшылық қызметінің қыр-сырын ғана мең­геріп қоймай, на­рық жағдайын­дағы қазақ журна­лис­тика саласының басқарушылық (ме­­недж­­мент), беделдік (пиар-жар­нама) не­гізінің іргетасын қалады. «Жас алаш­­тың» хатшылық пен ком­мер­ция­лық бөлімдері әріп­тестерінің нәпақа­сын молай­тып, редак­цияның қаржы­лық қор­жы­нын толтырды.
Нарық нақыштарын бойына бір­тіндеп сіңіріп, тиянақтап меңгерген Құлекең «Шартарап» атты жеке баспа ашып, қазақтың небір майталман тұл­ғаларының шығармалары мен кітап­тарын жарыққа шығарды.
Жалпы, Құлтас Достан – қаламгер­лікке жанға жылы, жүрекке жұмсақ ли­рикасымен келген ақын. Кеңес ке­зінде-ақ оқырманын ойлантып, елді елең еткізген жас ақын Құлтас Достан жастардың шығармашылық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанған-тын.
Кейінірек Құлтас Достан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының баспа­сөз органы «Отан Медиа Групп» компа­ниясы бас директорының орын­басары, Респуб­ликалық «Қазақстан» телерадио корпорациясының ком­мерциялық-жарнама қызметiнiң бас­тығы, рес­пуб­ликалық «Спорт айдыны» газетінің бас редак­торы, Қазақстанда өткен  V қысқы Азиа­да ойындары ұйым­дастыру ко­митетінің БАҚ-пен байланыс бөлімі­н басқарды. Қазір республика­лық «Жас қа­зақ үні» газетінің бас ре­дак­торы қызметін абыроймен атқарып келеді. Одан бөлек Халықаралық ақпараттан­дыру акаде­миясының басшылығы қа­зақ журналистикасының көрнекті өкілі Құлтас Достанға Ха­­лық­аралық ақпараттандыру ака­демия­сының академигі атағын беру туралы шешімді бірауыздан қолдаған да еді.
Бір естелігінде автор: «Жор­налшы болу – өзіңді-өзің азапқа таңып, шатаққа шандудан басқа ештеңе де емес екен. Тіпті кей-кейде әділдік әлсіреп, ақиқаттың аяғы аспаннан келгенде «Адалдықтың арам­дықтан жеңіліп, ауызы қандала болғанын көргенше, ауылда трактор айдап, май-май болып жүргенім артық еді» деп күйзелетін жері де бар.
Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр Құлтас Әбсадықұлының алдағы уақытта бұдан басқа да құнды әрі бағалы шығарма­ларымен қауышуға жазсын!!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста