Counter-Strike батырлары асық ойнамайды

Counter-Strike батырлары асық ойнамайды

Әлпештеген жырмен бесік тербеткен ұлтымыз ұрпақ қамын әу бастан басты назарда ұстаған. Бала тәрбиесіне қатысты ұлттық құндылықтардың алар орны орасан. Тіпті ұлттық ойындардың астарымен баланы ізгілікке баулуды көздегенін аңғару қиын емес. «Айгөлек», «аударыспақ», «жасырынбақ», «көкпар», «қуырмаш», «ұшты-ұшты», «соқыртеке» сияқты баланы батылдыққа, зеректікке, ептілікке, тапқырлыққа бейімдейтін ойындарымыз қаншама! Ойын – бала ой-өресінің жетекшісі. Ойын демекші... Қазіргі бала қандай ойын ойнауда?

Бүгінгі техника мен технологияның дәурені жүріп тұрған кезеңде сақа ұстап, асық атар баланы кездестіру қиынға соғары анық. Әрбір үйдің төрінен орын алған компьютер тек жұмыс құралы ғана емес, бала-шағаның ермек етер ойыншығы, таптырмас досы да болып үлгерді. Заманына тартып туған баланың ойы да, тойы да компьютер мен оның ішіндегі әлем болып тұр. Қазіргі таңда компьютерлік ойындарға еліткен, ғаламтордың ғажайыбына батқан жасөспірімді бәлендей басқа нәрсемен қызықтыру оңай емес. Арманға жетелейтін әже әңгімелері мен қиял-ғажайып ертегі кітаптардың орнын компьютер мен ғаламтордың алмастырғанын, қазіргі тілмен айтқанда, бүгінгі баланың балалық шағы жаңашылдықтың жаршысына көшті деуге бола ма? Әлде...

Ең сорақысы, компьютерлік ойындар арқылы насихатталып жүрген қылмыстық әрекеттердің бала ойы мен ойынына еніп алғандығында болып отыр.

Кибер-мәлімет

Елімізде «Қазақстан киберспорт ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Оның мақсаты – киберспортты дамыту және жаңа заманғы компьютер ойындарын насихаттау, зияткерлік компьютер ойындарын көпшілікке тарату, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, Қазақстанда компьютерлік ойындардың жарыстары мен чемпионаттарын өткізу, кедей отбасылар мен балалар үйлеріндегі балаларға компьютерлік техниканы сатып алуда және компьютерлік сауаттылыққа оқытуда қайырымдылық көмек көрсету.

2006 жылы Қазақстанда кибержарыстардың сериясы өткізілді, 2007 жылы Megaline Counter Strike Challenge қазақстандық киберспорт тарихындағы бірінші ауқымды он-лайн жарысы ұйымдастырылды.

Өткен жылы Алматыда «Киберспорт есірткіге қарсы – 2009» ұранымен жасөспірімдер арасында компьютерлік ойындардың бірінші ашық жарысы өтті.

• Қоғамның бір бөлігі құбыжық ойындардан қалай құтылуды ойласа, бір бөлігі оны насихаттап әлек.

Бұрынырақта қазақ баласы ұшқыш, шахтер, дәрігер болуды армандағанын құлағымыз шалатын. Қазір қалай? Әлгіндей ойынның жетегіндегі жасөспірім киллер, террорист болуды көксемейтіндігіне кім кепіл?

Виртуалды әлем жастарды әлеуметтік жағдайына қарамастан өзіне баурап алуда. Көбінесе 6-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер баратын компьютерлік клубтарда күндіз-түні адам үзілмейді. Тіпті тесік тиыны қалғанша түнгі кезекке қалып ойнайтындар да жетіп артылады. Ойын клубтарының бағалары да ойыншының қалтасына байланысты. Ең арзаны сағатына 80 теңге болса, vip-ойыншылар 150 теңге немесе одан да жоғары сома төлейді. Сондай-ақ ғаламтордың тетігін бассаң болғаны, ойынның түр-түрін оңай табасың. Онда логикалық, экшен, спорт, атқыштар, күрес немесе төбелес, балаларға арналған, тіпті эротикалық сынды сан жанрлардан тұратын арнайы ойын сайттары жұмыс істейді. Алайда бұл ойындардың ойыншы психологиясына әсері қандай екенін ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ату, жою, құртуға бағытталған электрондық ойынмен тәрбиеленіп, қылмыстың қылауына батқан батыстық фильмдермен қалыптасып жатқан бүгінгі буыннан қандай үлгілі азамат күтпекпіз!?

Зүбайда КЕНЕНБАЕВА, психоаналитик:

– Ғылыми прогрестің дамуының нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізудеміз десек те, ол адам психологиясының ауытқуына әкеліп соғатын жайттар кездесіп жатады. Соның бірі – бүгінде балалар мен жасөспірімдердің сүйікті ісіне айналған атыс-шабыс, қантөгіс, қырғын, төбелестен құралған электрондық ойындар. Бұл, әрине, баланың санасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Біріншіден, бала құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасты жоғалтып, өзіне ғана арналған әлем жасап алады. Біртіндеп ол өзін белгілі бір шеңберге салып, шектеліп қалады. Екіншіден, ешкіммен сөйлеспей, таңның атысы, кештің батысы компьютердің алдында отыра бергендіктен, оның тілі де дамымайды. Ол өзінің қиял-армандарын сол талас-тартыс ойындары арқылы жүзеге асырып, өзін батыр сезінеді. Бұл оның еркінен тыс жүзеге асатын қалыпқа жеткенде ойынға деген тәуелділікке әкеліп соғады. Содан соң бала бойында қалыпты өмірден қорқатын архитиптік үрей пайда болады. Компьютерлік ойындар – құмар ойынның бірі. Ата-анасы қадағаламаса, баланың болашағы бұлыңғырлайтын, өзін де, өзгені де ұмытар лудоманияға салыну қаупі бар.

Жастар мен жасөспірімдердің қызығып, құмартып ойнайтын компьютерлік ойындарының дені атыс-шабыстардан тұрады. Соның бірі – қазіргі таңдағы әйгілісі әрі елімізде кең таралған шутер жанрындағы Counter-Strike ойыны. Ол 1999 жылы пайда болған екен. Аталмыш ойынның мақсаты – берілетін әртүрлі тапсырмаларды орындау. Айтар болсақ, тұтқындарды құрту, қарсы жақтың көзін жою, террористермен шайқас, бомба жару, белгілі бір адамды өлтіру сынды тапсырманы орындайтын ойыншы ұрда-жық дейтін баскесердің кейпінде болады. Осы сынды war craft, matrox сияқты толып жатқан шетелдің безбүйрек ойындары бала бойына қатыгездік пен мейірімсіздіктің дәнін себуде.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста