«Қазақ аруы-2018» байқауында тым қысқа көйлекпен сахнаға шығып, ән шырқаған Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Алтын түстес қысқа етекті көйлекпен сахнаға шыққан әншінің видеосын Баян Мақсатқызының қайын атасы Instagram парақшасына жүктеп қойды.
«Әрдайым керемет көрінетін, Кәмшат» деп жазба қалдырды.
Ал желі қолданушыларына әншінің киген киімі ұнамай қалды.
«Одан да жалаңаш шықпадың ба?», «Қазақ қызы ма бұл?», «Не киіп алған?», «Әш киімі көрініп тұр ғой» деген теріс пікір білдірді оқырмандар.