Бүлдіршіндер балабақшамен қоштасты

Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №67 «Бөбекжай» балабақшасында «Қош бол, балабақша!» атты бүлдіршіндердің салтанатты кеші болып өтті. Оған бір топ ата-аналар қатысып, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.
Мектеп табалдырығын аттағалы отыр­ған балалардың балабақшамен қоштасу шарасында бүлдіршіндер өлең оқып, ән салып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Балабақша меңгерушісі Анаргүл Қы­дырбаева балаларға өзінің ыстық ықы­ласын білдіріп, ақ жол тіледі. Сондай-ақ, кешке қатысқан ата-аналар да өз тараптарынан тәрбиешілерге алғыстарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді.
Анаргүл ҚЫДЫРБАЕВА, №67 «Бөбекжай» балабақшасының меңгерушісі:
— Биыл біз 60 түлекті мектеп табал­дырығына аттандырып отырмыз. Ос­ын­дағы Ләззат Гилманова сынды үз­дік тәр­­биешілердің арқасында бүл­дір­шін­деріміз білімді, өнерлі, зерек болып өсті. Ендігі менің тілегім, балалар әрі қарай 4 пен 5-ке оқып, ата-аналарын қуантып, үлкен азамат болып өссе екен деймін. Бастарына бақ қонып, еліміздің үміт ақтар ұл мен қыздары болуларына тілектеспін.
Маржан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ата-ана:
— Менің ұлым да, қызым да осы бала­бақшада тәрбиеленіп жатыр. Қы­зым «Балдырған» тобында болса, ұлым — «Қарлығаш» тобында. Бүгін ұлым балабақшамен қоштасып, мек­теп табалдырығына аттайын деп отыр. Бүл­діршіндерді осы­лай ұлтжан­ды­лыққа, отан­сүй­гіштікке тәрбиелеген ба­ла­бақша тәрбиешілеріне алғысым шексіз.
Осылайша, балаларымыз мек­теп та­балдырығын ат­тамақ. Салтанатты кеште әр бүл­діршіннің көзі жайнап, қуа­ныш­­тарында шек болмай тұр­ғаны көрініп тұр­ды. Ендеше біз де балалардың мектеп та­бал­дырығына аттауына сәттілік тілеп, білімді болып, еліміздің ертеңгі тұтқа ұстар азаматтары болуына тілектеспіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста