Бұлбұлдың тілін емген ардақты ақын

Алматы облысы, Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кентінде Жетісудың арынды ақыны Бақтыбай Жолбарысұлының ескерткіші бой көтерді. Бұл – ғұмырында 80-нен астам ақынмен айтысып, бірде-біреуінде сөзден жығылып көрмеген Бақтыбай ақынның 175 жылдық мерей­тойы­на арналған шаралардың бір парасы.
Азғана уақыттың ішінде Бақтыбай қорына халықтан 3 млн 890 мың теңге жиналып, игілікті шара іске асырылды. Ескерткішті қоладан құйған – мүсінші Ескен Сергебаев. Ол бұған дейін Мұхтар Әуезов, Нұрғиса Тілендиев сынды алыптардың мүсінін жасаған.
Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Үмбетов, облыстағы зиялы қа­уым өкілдері, аудан жұртшылығы қатыс­ты.
Жеті айлық болып шала туған Бақтыбай әкесінің қасқыр бөркінің ішінде жатып ши­раған деседі. Анасының сүтін де еме ал­май­тын шақалақ кезінде үлкендер оның аузына бұл­бұл­дың тілін салып, ол соны тал­ғажау етіпті. «Бақтыбайдың аузын ашса, кө­мейінен түйдек-түйдек өлең ағылатыны содан болса керек» дейді екен көнекөздер. Бұл туралы ғалым Еділ Ерғожин әңгі­ме­леді.
Салтанатты шарада облыс әкімі Серік Үмбетов, қаламгер Тұрсын Әбдуәли сөз алып, шараның тәлімділігі, Бақтыбай ақын­ның ақындығы мен шешендігі туралы ой толғады.

Еділ Ерғожин, ҚР Ғылым академиясының академигі:
– Соңғы жылдарда Жетісу жерінде атаусыз қалып жатқан талай азамат­тар­дың атын жаңғыртып, мүсіндері орнатыл­ды. Мұның өзі – «Мәдени мұра» бағдар­ла­масының жемісі, облыс басшы­ла­рының ерлерін қадірлей білетіндігінің көрінісі. Сонымен қатар елдің кеңдігін, теңдігін білдіреді. Бақтыбай мүсінін орнатуға атса­лысып, қолынан келген көмегін көр­сеткен көпшілік қауымға риза­шылы­ғым­ды білдіремін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста