Бұл қазақ Бөкенбайды біле ме екен?

Кеше Оралдағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті басшылығының ұйымдастыруымен «Қазақ халқының азаттық күресі және Бөкенбай Қараұлы» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы басталды. Өткен жылы осындай тақырыппен Ақтөбеде республикалық конференция ұйымдастырылып, қаладағы бір көшеге Бөкенбай Қараұлының есімі берілген болатын.
 
Бұл жиынға Астана, Алматы, Қостанай, Атырау, Ақтөбе қалаларынан келген белгілі ғалымдар, тарихшылар қатысып, өзара пікір алмасты. Университет проректоры, та- рих ғылымының докторы Әбілсейіт Мұқтар  бұл шараның еліміздің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылып жатқандығын тілге тиек ете келе, ғылыми басқосудың, жалпы, қазақ тарихы үшін де маңызы бар екендігін ерекше атап өтті. Ғалымның айтуынша, алдағы уақытта да бүгінде есімдері ел есінен ұмыт болып бара жатқан өзге де қазақтың тарихи тұлғалары жөнінде де түрлі ғылыми талқылаулар өткізілмек.

Қаперге
1669 жылы Ақтөбе жерінде дүниеге келген Бөкенбай Қараұлы 1710 жылы Қарақұм құрылтайында бас қолбасшы болып сайланған. 1726-1729 жылдардағы Бұланты, Бұлдырты, Аңырақай, Қалмаққырылған және басқа ұрыстарда қол бастаған. 1742 жылы ел Тәуелсіздігі жолында түрікпендермен болған шайқаста қаза тапқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста