Ресейлік хип-хоп және рэп орындаушы Gunwest (шын аты-жөні Руслан Гоминов) Мәскеуде коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Лада" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Руслан Гоминовтың сөзінше, ол өзін жайсыз сезініп, бірден медициналық көмекке жүгінген. Коронавирусқа тест тапсырған рэперде COVID-19 диагнозы расталған. Бұл туралы орындаушы өз Instagram парақшасында жазған.
"Мен коронавирус жұқтырып алдым. Аура белгісі мүлде байқалмады, не болып жатқанын аса қатты түсінбедім. Өзімді жайсыз сезіндім, дем алуым қиындай бастады. Нәтиже расталды. Бұл қалжың емес, коронавирус расымен бар. Жақындарыңыз мен туыстарыңызды ойлаңыздар. Сіз инфекция таратушы болып, жақындарыңызға жұқтыруыңыз мүмкін. Қыдыруды тоқтатып, үйде отырыңыздар.Өздеріңізді сақтаңыздар. Мен сіздердің ауырмауларыңызды тілеймін, бұл қалжың емес",- деді Gunwest.