Бүкіл елді жылатқан "Жетімдер" фильмінің актерлері қазір қайда жүр?

Кезінде бүкіл қазақты жылатқан "Жетімдер" фильмінің шыққанына биыл 14 жыл болды. Сондағы кішкентай актерлер ер жетіп қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Олар қазір қайда жүр? Massaget.kz тілшісі іздеп көрді.

"Жетімдер" не туралы еді?

 

Ұмытып қалғандарыңыз болса, фильм сюжетін қысқаша еске түсіре кетейік. Арман мен Аружанның ата-анасы жол апатынан қаза табады. Жетім қалған екеуін Сандуғаш деген әпкесі бауырына бастады. Дегенмен Сандуғаштың күйеуіне асыранды екі бала ұнамайды, екеуін де үйден қуып шыққысы келеді. 

 

Арман мен Аружанның үйден қашып кетуден басқа амалы болмайды. Сөйтіп, екі кішкентай бала қыстың қақаған аязында үйден қашып кетеді.

 

Бұл фильмді режиссер Еркін Рақышев түсірген. "Брод" сайтының мәліметінше, бұл фильм Qazaqstan телеарнасының тапсырысымен түсірілген. Фильм кинотеатрға шыққаннан кейін аншлаг болған. Бірақ артынша фильмнің пираттық дисктегі нұсқалары шығып кеткен екен.

 

Фильмде басты рольдердің бірін Меруерт Қасымбек ойнады. Қазір жасы 24-те. 

 

Ол "Жетімдерден" бөлек Рақышевтің "Жаралы сезім", "Менің де атым Қожа", "Кеш келген махаббат" фильмдеріне түскен. Кейінгі жылдары үлкен экрандардан көрінбей кетті.

 

Фильм кадры

 

Жас актрисаға басқа да режиссерлерден фильмге түсуге ұсыныстар болыпты. Алайда оған ұсынылған фильмдер көбіне трагедия, сценарийі ауыр болғандықтан оның ата-анасы түсуге рұқсат бермеген екен.

 

Сұхбаттарының бірінде шеттілдерін меңгеріп жатқанын, тіл саласын таңдағанын айтқан. 

 

Ал фильмде Арманды Нұржан Рүстенов сомдаған. Желіде Рүстенов туралы ешқандай ақпарат жоқ. Тек ол  кезінде "Көксеректегі" Құрмаштың ролінде ойнаған Қамбар Уәлидiң баласы екені айтылады.

 

Фильм кадры

 

Фильмде екі баланы қамқорлығына алған Сандуғаштың ролінде Гүлшат Тұтова ойнады.

 

"Жетімдер" мені халыққа танытқан, жұлдызымды жаққан фильм деп айта аламын. Негізі, фильмнің режиссері профессионал маман емес. Бірақ, көрермен фильмді жақсы қабылдады. "Жетімдердің" жарыққа шыққанына 11 жылдан асып барады. Мені көрген адамдар әлі күнге дейін "Сен жетімдердегі Сандуғаш емессің бе?" деп танып жатады. Тіпті, ер азаматтардың өзі "Рақмет сізге, бұл менің өмірбаяным, тағдырым ғой, сіз менің анамсыз" деп жылап, алғыстарын айтқан кездер жиі болды. Бұндай сәтте бойыңды ерекше сезім билейді, - деген еді актриса Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында.

 

Гүлшат Тұтова - Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының актрисасы.

 

Одан бөлек, фильмдерге де түсіп жүр. "Жетімдерден" басқа "Біржан сал", "Сүйінші", "Әкем екеуміз", "Несиеге махаббат", "Мәңгі өмір сүргің келсе", "Астанаға көктем кеш келеді", "Үмітіңді үзбе", "Тұрар Рысқұлов", "47 баланың анасы" ,"Аманат", "Өз үйім", "Бір кем дүние" және тағы да басқа фильмдерге түсіпті. Бүгінде ол "Құрмет" орденінің иегері атанған. 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста