Брюссельдегі Жульен шапан киіп «шаптырмақ»...

Брюссельдегі Жульен шапан киіп «шаптырмақ»...

Бельгияның астанасы Брюс­сель несімен есте қалады десеңіз, «шаптырып тұрған баласымен» деген жауап алуыңыз ғажап емес. Бүгінде Жульен есімді бала-мүсін осы қаланың символына айналған деуге болады. Келген туристердің барлығы сол мүсінді «зиярат» етпей кетпейді. Бұл мүсіннің өзге мүсіннен ерекшелігі сол, ол атаулы күндерде киім киіп қалады. Кейде оны қала­ға келген сыйлы, құрметті деген қонақ мүмкіндігінше, қал-қадірінше киіндіріп кетеді. Бұл дәстүр 1698 жылы Баварияның билеушісі Максимилиан Эмма­нуил­дің шаптырып тұрған баланы киіндіруінен басталды. Сол дәстүр бойынша Жульеннің иығына біз де шапан жауып, бөрік кигізбекпіз.
Қазақстан халқының Бельгиядағы «Ар­ман» қауымдастығы сондағы Қазақ­стан­ның елшілігімен бірлесіп, аталмыш ша­раны ұйымдастыру үшін Брюссельдің жер­гі­лікті билігіне ұсыныс жасаған екен. «Арман» қауым­дастығының төрайымы Ай­нұр Қасе­но­ваның сөзіне қарағанда, би­лік рұқсат берген. «Қазақстан Тәуел­сіз­ді­гінің 20 жыл­ды­ғы күні, яғни осы жылдың 16 жел­тоқ­са­нында біз «шаптырып тұрған балаға» қазақ­тың ақ шапаны мен ұлттық бас киімін кигізуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе Бельгия билігімен алдын ала келісілді», – дейді Айнұр Қасенова.
Жалпы, бала-мүсін жайында түрлі аңыз бар. Соның бірі – қаскөйлердің Брюссельді жа­рып жібермек ниетімен жаққан жа­рыл­ғыш затын бала дәретімен өшірген дейді. Соның құрметіне орнатылған екен-міс. Тағы бір нұсқасы мүсінге қарама-қарсы дү­кенде жазылған. Онда: «1619 жылы мен 5 жастағы баламын, Брюссельде жо­ғалып кетіппін. Екі күн бойы шарқ ұрып із­­деген әкем мені осындай күйде – шап­ты­рып тұрған жерімнен тауып алыпты. Қуа­ныш­тан жарылардай болған әкем сол жер­ге менің тауып алған сәттегі кейпімнен мү­сін жасап, оны шаптырма қылуды бұ­йыр­ған екен», – деп жазыпты. Бұдан басқа ел ішінде кезіп жүрген тағы да неше түрлі аңыз-әңгімелер бар.
Бүгінде мүсін-баланың қонақтар кигізіп кеткен 800-ден астам киімі бар көрінеді. Жульенді Санта-Клаусқа, Наполеонға, аме­рикалық атақты әнші Элвис Преслиге ұқ­са­тып та киіндірген екен. Тіпті Фран­ция­ның ко­ролі Людовиг XV те шаптырып тұрған ба­ла­ға алтынмен аптап, күміспен күптеп киім тіктірсе, ресейлік ғарышкерлер скафандр ки­гізіп кеткен. Ал біз ұлттық шапанымызды жаппақпыз. Жаһанның түк­пі­рінен келетін туристер енді қазақтың шапанымен де танысатын болады. «Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында біз еуропалық астананың тұр­ғындарына ұлт­тық дәстүріміз бен мә­де­ние­тімізді паш еткіміз келеді. Тек еуропалық азаматтар ғана емес, аңызға айналған мү­сінді өз көзімен көру үшін Брюссельге ар­найы ат басын бұратын мыңдаған турис те қазақ­тың ұлттық киімін киген «баланы» та­ма­­ша­лай алады», – дейді Айнұр Қасенова. Мі­не, Тәуелсіздігіміздің мерейтойында «шап­­тырып тұрған баланың» иығынан шапаны­мыз­ды көретін болсақ, Антарктидада көк Туымыз желбірейтін болды.

«ҚазАқпарат» мәліметі бойынша дайындаған Салтан СӘКЕН, Астана

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста