«Бозторғай» дарынды балалардың басын қосты

Кеше Алматыдағы Ор­та­лық мәдениет және дем­а­лыс саябағында халық­аралық «Бозторғай» бай­қауы шымылдығын түрді. Балаларды қор­ғау күні қарсаңында ұйым­дастырылған фестивальға еліміздің барлық аймағынан келген өнерпаздармен қатар, Ресей, Болгария, Литва, Грузия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінен 800-ге жуық жас дарын қатысуда.
Осымен он бірінші рет өткізіліп отырған байқаудың басты мақсаты – халық өнерін дамыту, жас өнерпаздардың талантын ашу. Маусымның 1-іне дейін созылатын жарыста үміткерлер вокал, халық әндері, хореография және балалар сән театры номинациялары бойынша бақтарын сы­найды. «Бозторғай» халықаралық бай­қа­уы­ның директоры Қарлығаш Әбдікә­рімо­ваның айтуынша, қатысушылар жас ша­маларына қарай жарысқа түсуде. Кіші топ – 10 жасқа дейінгі бүлдіршіндер, орта топ 11-13 жас аралығында және жоғары топ – 14-17 жас аралығындағы балалар. Бай­қауға Қазақстанның Халық әртістері Би­бігүл Төлегенова, Болат Аюханов, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Борис Колес­ник­ов сияқты танымал тұлғалар қазылық етіп жатыр. Қазылар мүшесінің төрайымы Бибігүл Төлегенова фестиваль ауқымының жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын айтады. Жарыс жеңімпаздары маусымның 1-і күні анықталады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста