Бізкестенің бағасын білеміз бе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Еліміз егемендік алған тұста Моңғолиядан ата-жұртқа көшіп келген Зейнелхан Мұхамеджан мен жұбайы Гүлжай Хұсман сынды суретші, шебер жандар есімі бүгінде КИНЕС секілді рекордтар кітабына енген. Несімен дер болсақ, қазақтың кесте өнерін жаңаша бағытта дамытып, бейнелеу өнерінің жаңа бір жанры деңгейіне жеткізген Зейнелхан Мұхамеджанұлының еңбегі талай-талай халықаралық көрмелерде таңданыс туғызып, жоғары бағаға сатылып жүргелі талай жылдың жүзі болып қалды.
– Біз Моңғолиядан ең алғаш көшіп кел­ген оралмандардың бірі боламыз, – деп бас­тады әңгімесін Зейнелхан ағамыз. – Ма­мандығым – суретші, бейнелеу өнері маман­дығын мен сол Монғолиядан алған­мын. Суретші көп, бірақ солардың әр­қай­сысы танылу үшін, өнерін беріп кету үшін өзіне шығармашылық жол таңдайды. Сол секілді мен де өз жолымды көп іздедім. Ба­сымды тауға да ұрып, тасқа да ұрып жүрген кезімде жолдасым үйде үнсіз кесте тігіп отыратын. Бір күні қатты қынжылып оты­рып, әлгіге көзім түсті. Ой жүйрік, бір ме­зет­те «осыны үйренсем қалай болар екен?» деген дән түсті басыма. Ол, ұмытпасам, 1985-86 жылдар болатын, сонда жол­да­сым екеуміз «тәуекел» деп, ең алғаш шағын ғана жұмыс жасадық. Жыл аяғында Моң­ғо­лияда жас суретшілердің көрмесі өтетін болып, әлгі тұңғыш еңбегімді соған тап­сы­рып, бағымызды сынап көрмек болдық. Ол көлемі 40*40 натюрморт болатын. Бір-екі айдан кейін «сіздің жіберген жұмысыңызды дирекция қоры таңдап алды, қалама­қы­ңыз­ды аудардық» деген тілдей телеграмма келіп тұр. Оқи сала рас-өтірігіне сене ал­май, қуанып кеттік. Оған дейін қыл­қа­лам­мен орындалған суреттерімді көрмеге қой­ған болатынмын, бірақ онда әртүрлі сын естіген соң, қоя салғанмын, ал енді бұрын-соңды жасап көрмеген ісім – кестемен көм­ке­рілген суретімнің көрмеге қойылып, оның сатылып кетуі маған «міне, мен өз өнер жолымды таптым» деген пайым сыйлады. Жұбайыммен отасқанымызға 30 жыл бол­ды, соның 25 жылын қазақтың кесте өнерін да­мытуға арнаппыз.
Алғаш атамекенге оралған жылдары елде әлеуметтік қиындық, одан қалса, рэ­кет­тер қаптап, «жолда ананы тонап кетіпті, мынаны былай етіпті» деп шулап жатқан тұс. Талдықорғанның Қапал ауданына қо­ныс тепкен суретші жанұясы солайша 1996 жылға дейін иек астындағы Алматыға жете алмай жүрген. Көшіп келген бойда Зейнел­хан Мұхамеджанұлы бірден Жазушылар одағына тартып отырады. Он­дағылар суретші өнерін көрісімен, тіпті мұн­дай өнердің Кеңес Одағында жоқ екенін айтып, көрме ашуға бағыт береді. Ал араға жыл салып, 1997 жылы атақты ше­бер Дәркен­бай Шоқпарұлы Ақши ауы­лында қол­өнердің үлкен музейінде Ал­ма­ты­дағы қол­өнершілерді жинап, сол жерде де сурет­шінің ортаға араласып, ел-жұртқа таны­луына мүмкіндік ашылады. Таяуда Зей­нелхан Мұхамеджанұлының «Алма­ты­кі­тап» баспасынан «Қазақтың кесте өнері» атты кітабы жарық көрді. Ал оны жазу ба­ры­сында шебер таудай қиындықпен ұшы­рас­қан еді. Себебі кесте өнері жайлы дерек тіпті жоқтың қасы екен. Тек қана «осылай бол­ған, осындай заманда» дегені болмаса, қай еңбекте болсын әрі қарай ою-өрнекке өтіп кетеді. Демек, біздегі деректер бір­ың­ғ­ай тек ою-өрнектің философиясына құ­рыл­ған да, оның жүзеге асу технологиясына ешқандай мән берілмеген.

Ең қызығы, кесте тігу – қазақ ұғымында қыз-келіншекке тән өнер. Сондықтан Зей­нел­хан Мұхамеджанұлын Қазақстан, қала берді Орта Азия бойынша тұңғыш ер кін­дік­ті кестеші десек, еш қателеспейміз. Біз түгіл, ер кестешіге Францияның Рейн қала­сын­да өткен көрмеде француздар, еуро­па­лықтар таңғалыпты. Ал Зейнелхан аға­мыз­дың өзі өнерді ер, әйел деп бөлудің өзі қате дегенді алға тар­та­ды. Расында, өнер жас та, жыныс та тал­ға­майды. Тек оған де­ген көзқарасты ту­ғы­затын әр қилы мен­та­ли­тет. Мәселен, қазақ­та тағам жасау бір­жақ­ты әйелдің ісі саналса, Еуропада аспаздардың барлығы дерлік ерлер болып келеді. Сон­дық­тан бізге ол оғаш се­кіл­ді көрінеді.
Зейнелхан Мұ­ха­мед­жанұлының кес­те­ге, жалпы, бейнелеу өнеріне енгізген үлкен жаңалығы – белгілі бір фи­лософияға құралған картина кес­те­леуінде. Себебі оған дейінгілер тек киім-кешек, төсек-жабдық сынды тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнекті ғана кестелейтін бол­ған. Ал бұл шебер бізкестемен «Таң­балы тас», «Күл­тегін» секілді 300-ге тарта кар­тина кестелеп, оны тек қазақ ше­ка­ра­сын­да ғана қал­дыр­май, алыс-жақын ше­тел­­дерге, халық­аралық көрмелерге шы­ғарып, солайша Алаш атын аспандатып жүр. Кестеші шебер­ханасындағы дайын бол­ған жұмыстар арасында кәдесый (су­ве­нир) де табылады. Бағаларын сұрап едік, көрмеге келген жұртшылыққа ұсы­нылатын еңбектің ең шағыны 30 мың теңге болса, ал енді халық­аралық көрмелер жай­лы әңгіме бөлек. Бірде тіпті аукционға тігілген Зей­нел­хан Мұхамеджанұлының ең­­бегін еуропалық бір сатып алушы 35 мың фунт стерлингіге бағалапты. Оқиға былай болған:
– Осыдан үш жыл бұрын Орталық көр­ме залының директоры Әсел Тө­тен­ши­но­ваның ұйытқы болуымен Қазақстандағы бірнеше суретшінің жұмыстарымен қатар біздің еңбегімізді де дүниежүзіндегі ең атақты Криштис аукционына алып барды. Сол жерде менің бір ғана жұмысым 35 мың фунт стерлингке сатылды. АҚШ дол­ла­рына шаққанда, бұл шамамен 70 мың дол­лардай шығады. Әрине, бұл сомадан мен өзім о баста келісімшарттағы көр­се­тіл­ген бағаны ғана алдым, ал қалғаны түгел балалар қорына кетті. Бұл жерде мен бізге сондай мүмкіндік беріп, дүниежүзілік деңгейге алып шыққан ұйым­дас­ты­ру­шы­лар­ға алғыс айтқым келеді. Себебі ондай дәрежедегі көрмеге жеке суретшінің өз бе­тімен шығуы мүмкін емес. Сондай-ақ мен өз еңбегімнің дүниежүзілік нарықтағы бағасын білдім. Шетелдегі өнерге деген көз­қарастан бізге үлгі алу керек, себебі онда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін өнерді соншалық түсініп, оның ал­дында бас ие біледі. Ал бізде кейбір ше­неу­нікпіз деп шіренгендердің суретке қарап тұрып, «неге мынаны фотосуретке ұқ­сатып анық шығармайсыңдар?» деген сұ­рағына не күлер, не жыларыңды біл­мейсің.
Демек, туынды бағасын анықтайтын автор да емес, оған деген көзқарас, яки өнерді неғұрлым биік деңгейде түсінетін қоғам одан ақшасын аямайды. Негізінде, қазақ өнерді бағалауды білмесе, онда небір керемет өнер түрлерін туғызып, әлі күнге әлемді таңғалдырмас еді. Олай болса біз неге бүгін құндылықтарымызды баға­лай алмай қалдық? Қарап тұрсақ, бұған халқымыздың бастан өткерген тарихи тағдыры әсер еткен секілді. «Ораза, намаз – тоқтықта» дегендей, қандай өнер түрі болсын қой үстіне бозторғай жұмырт­қа­ла­ған заманда тумай ма? Ал ата-бабамыз ма­мыражай күндерді бастан аз өткеріп, есесіне, жаугершілікті барынша көрді. ХVIII-ХІХ ғасырды айтпағанда, ХХ ғасыр­дың өзінде Қазан төңкерісі, ашаршылық, репрессия, соғыс, міне, осындай бірінен кейін бірі жағадан алған заман, балапан басы мен тұрымтай тұсында халық та құн­ды­лыққа деген құрметін азайтып алатын болса керек. Дегенмен бізкестешілер ең­бе­гі ЮНЕСКО-ның сапа белгісін жеңіп ал­ған. Ал мұндай бағаға ие болу деген сөз атал­ған өнердің сапалық, көркемдік дәрежесі халықаралық деңгейге жетті дегенді білдіреді. Есімі сондай-ақ Қазақстанның КИНЕС рекордтар кітабына енген Зейнелхан Мұхамеджанұлы бүгінде Орал Таңсықбаев атындағы Алматы қала­лық сәндік қолданбалы өнер колледжінде жас жеткіншектерге дәріс береді. Шәкірт­те­рінің осы өнерге деген қызығушылығын көріп, «әттең, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы секілді жоғары оқу орындарында осы салада мамандар даяр­лау­ға ден қойылса» деп армандайтынын жа­сырмады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста