Біздің Қытай туралы түсінігіміз әлі күнге Үрімжіден әрі аспай тұр

Біздің Қытай туралы түсінігіміз әлі күнге Үрімжіден әрі аспай тұр

Ертай НҮСІПЖАНОВ,  Inspire media продюсерлік орталығының басқарушы директоры:

Көгілдір экран төріне күн сайын шығу бақытына ие тележүргізу­шілер көп болғанымен, солардың барлығы бірдей көрермен жүрегін жаулай бермейді. Себебі сөзбен, қимыл-әрекет, қыл аяғы, ым-ишара­мен баурап алу деген – кәдімгі өнер. Соңғы бесжылдықта «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы көрермен көзайымына айналған санаулы тележүргізушілер болса, соның бірі де бірегейі Ертай Нүсіпжанов десек, әсіре сілтеген болмаспыз. Оның бір дәлелі – «Аламан-айтыс». Алты Алаштың асыға күтетін ұлттық жобаны бір емес, екі маусым қатарынан жүргізген соң, артынша Ертай көзден ғайып болды. Бір ай, тіпті бір жыл да емес, бірнеше жыл көзден таса болған Ертай таяуда қайта жарқ етті. Сөйтсек, Нүсіпжанның немересі білім жолында шекара асып, осы жылдар аралығында қалың қытай арасын мекен етсе керек.

– Ертай, сіздің білім жетілдіруге Қытайға аттануыңызға не түрткі бол­ды? Және онда аттанардағы мақсаты­ңыз қандай еді, ол елде бірнеше жыл оқып, өмір сүріп келгеннен кейін ол мақсат қаншалықты өзгерді?
– Неге екенін білмеймін, бала күнімнен қытай тіліне қатты қызығатынмын. Алайда Қытайда білім алу мақсатым бол­ған емес. Және ол тұста мен «Қазақ­стан» ұлт­тық арнасында қызмет істейтінмін. Бы­лай қарағанда, тұрақты жұмысым бар, ма­те­риалдық жағдайым да біршама жақсы, «осыған шүкір» деп, тұрақталып қалуға болар еді. Жасым да ол тұста 25-ті ал­қым­дап қалған. Ал қа­зақы көзқараста ол адамның білім іздеп шетелге аттанатын шағы емес, шаңырақ көтеріп, ұрпақ өрбі­тетін кезі. Ал мен алдым да, әй-шайға қарамай Қытайға аттандым да кеттім. Себебі өз біліміме көңілім толмай, ішкі жан дүнием жаңа бір азықты қажет етіп тұрды.
Қытайда әкімшілік басқару саласы бойынша білім алдым. Жалпы, осы ара­лықта тек білім алдым дегенім тарлық ете­ді, себебі мен өмірден көп нәрсе үйрен­дім. Елде жүргенде кіл қазақы ортада жүр­дік, содан соң ба, әлем тек қазақтардан ғана тұра­тын­дай өмірге шектеулі көзқарас­пен қарайды екен­біз. Ал Қытайда сан түрлі ұлттар біте-қайнасып кеттік, нә­тижесінде мен әр адамнан, әр ұлт өкілі­нен түрліше жақсы мінез жұқтырдым.
– Біз, шыны керек, ежелден «қара қытай қаптаса, орысты өз әкеңдей кө­рер­сің» деген түсінікте өстік, яғни Қы­тай біздің санамызда «жаулап алушы» ел. Ал сіз нені аңғардыңыз?
– Осы тұста бір мысал келтірейін. Оқуға бірінші рет аттанып бара жатқан кезім, барар жерім өзіме беймәлім. Шеньянь Ішкі Қытайда, Солтүстік Кореяға жақын қала екен. Бізге жақсы таныс Үрімжіден ары қа­рай тағы алты сағат ұштық. Ұшақта отыр­мын. Айналам қалың қытай, араларында жалғыз қазақпын, өзім тағы жарытып тіл білмеймін де. Бар уайымым – «қалай жетем?» Адам ондайда шындап қысылады екен. Қолымда – универ­си­теттің жалғыз шақырту қағазы. Әйтеуір, жанымда отырған жасы өзімнен әлдеқайда үлкен қытай азаматына бірдеме етіп түсіндірген­дей болдым. Ол «түсіндім» дегенді көзімен ұқ­тыр­ды, бірақ нені түсінді, маған қалай көмектеседі, ол жағы маған жұмбақ. Түнгі сағат екі мен үштің ортасы. Не де болса Аллаға тәуекел деп ұшақтан түскен соң, әлгі азаматтың со­ңынан үнсіз ердім де отырдым. Әлгі кісі ұялы телефонымен әлдекімге хабарласты, қытайшалап бір нәрселерді айтып жатыр. Бір кезде дәл алдымызға көлік келіп тоқтай қалды. Ана кісі «мін» деген ишара біл­дірді, жүрексін­сем де, амал жоқ, отыр­дым. Менің оқу орным аэропорттан әлде­қай­да қашық екен, соған дейін әлгі көлік мені жеткізіп сал­ды. Ба­рар жеріме аман-есен жеткіз­геніне риза болып, елдегідей ақша ұсындым. Алмақ былай тұрсын, «сен не?» дегендей ежірейе қара­ды. Сонда мен өмірімде бірінші рет қытай деген халықтың қандай болатынына көз жеткіздім. Соған дейін қалың қазақтың бірі ретіндегі «қытай бізді тек жаулап алуды армандайтын ха­лық», «қытай бақа, шаян жейтін халық» деген стереотиптің күл-талқаны шықты. Біздің қоғамда осындай сұрақ­тың туындауы – біріншіден, еліміздің жал­пы халыққа Қытай жайлы дұрыс және жеткі­лікті ақпарат бере алмай отырған­ды­­ғынан. Екіншіден, бізде Қытайды зерттеу орталы­ғы жоқтың қасы, синолог мамандар өте аз. Сол себептен біздің Қытай туралы білетін ақпаратымыз тек онда барып келген жекелеген азаматтардың көргені бойынша ғана қалыптасқан. Яғни Үрім­жіні көріп, Қытайға барып келдік деп жүр­міз. Ал Үрімжі – Қытайдағы ең үлкен про­вин­циялардың бірі ғана және даму жа­ғынан сауаттылық, мәдениет жағынан он­дағы басқа провинциялармен салыс­тыр­­­­ғанда ең кенже қалған, дамымай жат­қан бөлігі. Сондықтан Қытай туралы түсінік­­ті тек сол өлшеммен ғана қа­лып­тас­тырсақ, жаңсақ­тықтың ұшы белгілі болып шыға келеді.
– Әдетте адам сыртқа шықпай өз үйінің зәулім сарай екенін немесе құлағалы тұрғанын біле алмайды ғой. Ендеше, сіз сырт көз ретінде қазақ туралы, Қазақстан жайында қандай ой түйіп қайттыңыз?
– Мен Қытайға кеткенше, мәдениет сала­сында қызмет атқарып, өнерді дамы­ту­ға азды-көпті үлес қосып жүргендердің қата­рында болдым. Сонда «ұлтын сүйетін бір қазақ мендей-ақ болсын» деп ойлай­тын­мын іштей. Бірақ Қытайға барғаннан кейін ол ойымның әлсіздігін байқадым. «Мен қазақпын, мен өз халқымды сүйемін» дегенім өте бір әсіре сілтеп айтыла салған сөз екеніне Қытайда көпте­ген ұлт, ұлыс өкілдерімен араласа келе көз жеткіз­дім. Қытайдың өзі бірден алып державаға айналған жоқ, кезінде олар бытыраңқы жат­­қан әртүрлі тайпалар болатын. Қазір онда 56 ұлт өкілі тұрады, яғни 56 мем­лекет бір Қытайдың қол асты­на қарап отыр деген сөз. Алайда солар же­ке-жеке ел емес, біріккен ұлы елге айналып отыр. Сол сияқты Африкада да мем­лекеті жоқ бірнеше ұлт өмір сүреді. Солардың біразымен Қытайда бірге оқып, бір дас­тарқан ба­сын­да дәм таттық. Сонда қазақ де­ген халық, Қазақстан деген алып мем­лекет жайлы білгенде, әл­гі­лер «сендер өз мем­лекет­терің бар, өз алдарыңа дербес ел­сің­дер. Соның қандай бақыт екенін түсі­несіңдер ме, сезінесіңдер ме? Біздің әлі күн­ге өз еліміз, жеріміз жоқ, сондықтан бі­реу­ге тәуелді күй кешіп жатырмыз» деп айт­қанда, не жыларымды, не күлерімді білмей қалдым. Тұрмыс жағдайымызға келсек те, өз жағдайына риза болмай және соған мемлекет кінәлі деп санай­тын­дар өте көп. Осы тұрғыдан келгенде, біздікі масыл­дық және мастық деуге болады. Себебі әлемде ішер ас пен киер киімге жа­ры­май, қайыршы күй кешіп жүрген қанша­ма халық өмір сүруде. Солармен салыстыр­ғанда біздің шүкіршілік ететін жөніміз бар. Мысалы, қытай досымды бір демалыста елге, үйіме ерте келдім. Ондағым Қазақ­стан­ды көрсін, қазақ деген ұлтты танысын деген ой еді. Шыны керек, сондай елден келсе де, досым Қазақстанға қатты қызы­ғып кетті.
– Досыңыз Қазақстанның, жалпы, қазақтың несіне қызықты? Ойын ашып айтты ма?
– Былай қарағанда, қызығатын дәнеме жоқ сияқты, Қытай шекарасынан аса бере-ақ, жолымыз ойқы-шойқы. Жол тек бір ғана мысал, әйтпесе Қытай бізден қанша­ма жыл алға дамып кеткен. Біздегідей кезекке тұру, базарға бару деген жоқ, ол халық әлдеқашан банктегі есепшотын үйде отырып-ақ басқарып, киім-кешек дейсіз бе, тұтынуға қажет тауарлардың бәріне үйден ұзап шықпай-ақ интернет арқылы қол жеткізетін дәрежеге жеткен. Сон­дай елден келе тұра қытай досым біз­дің елге таңғалды, қызықты. Неге? «Дүние дүрлігіп жатқан заманда, ертеңгі күн үшін күресуге мәжбүр кезеңде, сендер өз бет­терің­ше тып-тыныш, мамы­ра­жай өмір ке­шіп жатыр екенсіңдер. Таза ауа, бәсекелес­тік өте аз, тіпті жоқтың қасы, ерсілі- қарсылы ағылып жатқан адам, қар­баласып жатқан тіршілік жоқ» деп таңғал­ды досым. Ол біз­дің елден жанның тыныш­тығын тапқан еді. Бұл жақсы, әрине, алайда ол соған қанағат етіп жата беру керек деген сөз емес.
– Әңгімеңізге рақмет, шығармашы­лық табыс тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста