«Біз екеуміз Шмагамыз» деуші еді Мұқағали...

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, Қазақстанның Халық әртісі:

...1950 жылдардың басы еді. Екеуміз де радиода істейміз. Ол – диктор, мен – әнші. Мұқағали, кейін білгенімдей, сол кезде институтта оқиды екен, мен консерваторияның студенті едім. Таңертең жұмысқа ерте келеміз. Мұқағали хабарлар оқиды. Сосын концерт береміз. Ол кезде қазіргідей дыбысты жазып алып, кезек-кезек беріп отыру деген жоқ. Бәрі тікелей эфир арқылы жүреді.
Қалжыңбас еді. Өр еді. Мінезі тік екені аңғарылатын. Көңіліне әлдене жақпай қалса, дереу айтып тастайтын.
Мені қатты сыйлайтын. Өнерімді де, өзімді де қадірлейтін. Кездесе қалсақ, мені иығымнан құшақтап: «Біз екеуміз Шмага­мыз ғой», – деп күлуші еді. Алғашында неге Шмагамыз дейді екен деп біліңкі­ремей жүрдім. Сөйтсем, «Без вины винова­та» дейтін орыс спектаклінде бар образ екен бұл. Бос жүрген, кедей, жағдайы жоқ адам. Бір күні сол қойылымға арнайы барып көрдім. Шмага, былайша айтқанда, жағымды кейіпкер емес. Мұқағалидың мені неге осы кейіпкерге ұқсатқанына тү­сін­бегеніммен, кейін екеуміздің де сол кез­де қосымша жұмыс істеп, нан тауып жүрге­німізге байланысты айтқанын аңғардым.
Өз басым Мұқағали туралы түрлі әңгіме естігеніммен, оның нашар мінезін көрген емеспін. Қашанда күліп жүретін еді. Өзіне жарасымды жымиыспен күлетіні бар-ды. Шашы қалың еді, дода-дода болып жүре­тін. Жұрттың шырқын бұзып, бейберекет сөйлеген кезін көрген жоқпын. Мұқағали­дың өзі маған өлең арнағанын айтқан емес. Мұқағалидың да, Жұбан Молдаға­лиев­тің де маған өлең арнағанын кейін ол кісілер марқұм болып кеткенде бір-ақ білдім ғой.
Мұқағали өз уақытында көп бағаланған жоқ. Мұқағали, Оспанхан Әубәкіров... Бұл кісілер әлемге сыймай жүруші еді. Бәлкім, Мұқағали сөйтіп асып-тасып, арнасынан төгіліп жүрмесе, артында қазір қалың жұрт сүйіп оқитын өлеңдері қалмас па еді... Қалай дегенде де, ақынды түсіну қиын ғой.
Есей Жеңісұлының сұхбатынан ықшамдалып алынды.
(«Мұқағали» журналы, №1, 2005 жыл)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста