Биыл қазақ батырларының бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлының туғанына 300 жыл толып отыр

erjanibek.com

Осы орайда елімізде жыл басынан бері батыр рухын асқақтатқан тарихи-танымдық шаралар мен ғылыми басқосулар ұйымдакстырылып келеді. Бұл бағыттағы игілікті шараларға «Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры» ұйытқы болып келеді.
Осы бір тарихи тұлғаның мол мұрасымен, өнегесімен жастарды кеңірек таныстыру мақсатында таяуда Қазақ ұлттық аграрлық университеті де қағыс қалып отырған жоқ. Бұл үлкен ұжым еліміздегі жоғары оқу орындарының алғашқысы болып «Қазақтың Ер Жәнібегі» атты тақырыпта келелі конференция өткізді.
Аталған шараға университетің оқытушы-профессорлары, магистранттары мен докторанттары және студенттері қатысты. Жиналғандар алдында Абай атындағы ҚазҰПУ «Тұлғатану» орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Салтанат Далбайқызы Ер Жәнібек туралы мазмұнды баяндама жасады. Сол сияқты студенттер Құсайынбек Қайсар, Мұрат Мұхтарлар Жәнібек батыр дастанынан үзінділер оқыды. Шақырылған қонақтарды арасынан белгілі қаламгер Бақытбек Бәміш Ер Жәнібек туралы толғамды ойларын айтты. Аталған жиын өнер өкілдері -Құрманбек пен Ризаның орындауында «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнімен тұйінделді.
Аталған шараны ұйымдастыруға белгілі ғалым Сайын Молдағалиұлы Борбасов басқаратын ҚазҰАУ-дың О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім мен тәрбие орталығының қызметкерлері белсене атсалысты. Батыр рухына арналған конференция материалдары ғылыми басылымдар мен арнайы жинақтарда жарық көрмек.
Тарихи декректерге сүйенсек Абылай хан заманындағы адуындылардың бірі Ер Жәнібек батыр (1714-1792жж.) Ор өзені бойында дүниеге келген. Сыр мен Есіл бойында, Арқада ер жеткен Ер Жәнібектің есімі Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Райымбек Алтыбай, Еспенбет, Шөңке, Жанатай, Баян Ақпантай, Малайсары сынды жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда атой салған баһадүрлер санатында аталады. Батырлығымен қоса ақындығы аян Ер Жәнібек түлғасы жайында кезінде Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпей, Ақыт Үлімжіұлы қатарлы ақын-жыраулар жырлап кеткен.
Батырдың денесі бүгінгі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақта жерленген. Үстіміздегіт жылдың алдағы маусым айында Ер Жәнібек Бердәулетұлының кесенесінің басында Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында батырдың рухына бағышталған ас беріліп, мерейтойы аталып өткізілмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста