Біржан салға арналған кітап

Жуырда Шахмет Құсайы­нов атындағы Ақмола облыс­тық қазақ музыкалық-драма театрында жазушы Ғалихан Ахметовтің «Біржан сал» кіта­бының тұсауы кесілді. Айтулы шараға Көкше өңіріне танымал қаламгерлер мен ақын-жазушылар, театр актер­лері мен облыс­тық филар­монияның өнер­паз­дары және студенттер қатысты.
Көкше өңірінің қос жұлдызы Біржан сал мен Ақан сері халқының сүйікті ұлдары екені даусыз. Бұл марғасқа тұлғалардың тағ­дыр соқпағы жазушылар мен ғалым­дар­дың зерттеуге тұрарлық сүбелі тақы­рып десек те қателеспейміз. Қос дүлдүл де қазақ өнерін дәріптеуде биліктің қатыгез жандайшаптарымен күресіп, байлармен алы­сып өтті. Асқақ та арынды әндерімен ел­дің көңілін көтеріп, халық жадында жат­талып қалды. Сол үшін де олар елдің ерке серілері атанды. Біржан сал туралы 18 бө­лім­нен тұратын алты бірдей кітаптың ав­торы Ғ. Ахметовтің мамандығы – инженер. Шынында да, қалам иесінің құдіреті оның мамандығына қатысты болмайтыны осы жолы тағы бір мәрте дәлелденгендей бол­ды. Мұны кешке жиналғандар да растады.
Салтанатты кешті Кенжебек Күмісбеков атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрі және Біржан сал атындағы Көкшетау му­зы­ка колледжі хорының сүйемелдеуімен мәдениет қайраткері Гүлжан Ахметова мен Мереке Бекмағамбетов «Біржан мен Сара» операсымен ашты.
Ғалихан АХМЕТОВ, «Біржан сал» романының авторы:
– Бұл кітапты жазуға барлық күш-жіге­рімді арнап, кейіпкерімді барлық қырынан зерттеуге тырыстым. Жылдар бо­йы жазған еңбегім арқылы Біржан ата­мыздың қиындыққа толы өмір жолы халыққа таралғаны – мен үшін зор мақ­таныш. Сондықтан да өзім бүгін мой­ным­дағы үлкен бір міндеттен құтыл­ған­дай болдым.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста