"Бірнеше рет шақырды, бармадым": Балғынбек Имашев ұстазы Жүрсін Ерманмен арадағы жағдай туралы баяндады

"Бірнеше рет шақырды, бармадым": Балғынбек Имашев ұстазы Жүрсін Ерманмен арадағы жағдай туралы баяндады

Әйгілі айтыс ақыны Балғынбек Имашев "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді..." бағдарламасында қонақ болып, ұстазы Жүрсін Ерманмен арасы суып кеткені туралы пікірге үн қатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жүрсін ағамның көңілін сұрап бардым. Көпшілік сияқты пост салмадым. Ағаның көңілін сұрап бардық, бір марқайып қалды. Сол жерте отырып сөйлестік, әртүрлі әңгімелер айттық. Мен "Алтын домбыра" алғаннан кейін айтысты қоямын деп, үлкен айтыстарға шықпай кеткем. Ағам бірнеше рет шақырды. "Балғынбек, сенсіз айтыс қызық емес. Халық іздейді", - деп көп айтты. Бармадым. Осы жолы көңілін сұрап барғанда да айтты. "Балғынбек, сенің алшаңдап шығып, айтысып жүретін кезің ғой", - дейді. "Менің қатарымнан ешкім қалмады ғой. Менің қатарым қазір жоқ. Бекжан жоқ, Мұхамеджан жоқ, Әбілқайыр жоқ, Дәулеткерей жоқ. Ешкім қалмады қатарымнан", - деймін. "Жастарға жол көрсетіп, қалай айтысу керектігін айтып жүргендерің жақсы ғой", - дейді. Ауырып отырған адам ғой. Сол кісінің көңілін көтерейін дедім де: "Аға, ауруыңыздан құлан-таза айығып кетіңіз. Сіз құдай бұйырса жазылсаңыз, мен айтысқа шығамын", - деп уәде бердім. Ол кісі жазылып шығамын деп уәде берді. Осылайша, қол алыстық. Алла ағамызға шипа берсін", - деді Балғынбек Имашев. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста