Отандық "Shamis" тобының арулары өнер жолында қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді. Анықталғандай, топ мүшесі Жансая Жәдігер продюсері қойған қатаң талаптың салдарынан ауруханадан бір-ақ шыққан деп жазады "Клип Show" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жас әнші алғашқы бейнебаяндарының түсірілім алдында артық салмақтан арылу мақсатында диета ұстанған.
Бұл - продюсер Анель Әрінованың бекіткен қатаң талабы болған. Ол өз әншілерінің салмақ қоспауын қадағалап, дер кезінде ескертіп тұрады екен.
Нәтижесінде дене бітімін шыңдау үшін бір апта бойы құр су ішкен Жансая ақыр-соңы есінен танып, ауруханаға түскен.
"Диета ұстап, басым айналып құлап қалдым. Кәдімгідей салмақ тастадым ол кезде. Бір апта ішінде бес-алты келі лақтырдым. Өйткені біздің бейнебаянымыздағы образдарымыз ашық болған. Сол себепті, фигурамыз да мінсіз болуы керек еді.
Бір апта бойы тамақ жеген жоқпын, тек су ішіп жүрдім. Тамақ ішкім келді, рас. Бірақ өзімді ұстадым" , - дейді Жансая Жәдігер.