Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Монғолия және Франция елдеріндегі қазақ диаспораларының өкілдері Керекуде бас қоспақ. Олай дейтініміз, облыс орталығында «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі және әдебиеті пәнінен ІХ халықаралық олимпиада басталады.
Бүгін байрағын көтеретін білім додасына аталмыш елдердегі қазақ диаспораларының 70-ке жуық оқушысы бақ сынасады деп күтілуде. Айта кетерлігі, бұл олимпиада Ертістің Павлодар өңірінде алғашқы рет ұйымдастырылмақ. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар әзірленген. Бастама сәтті өтсе, ұйымдастырушылар бұл шараны дәстүрлі түрде жалғастыратындықтарын айтып отыр.
Гаждембек ТҰРСЫНОВ, Павлодар облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы мен қосымша білім беру бөлімінің бас маманы:
– ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының мұрындық болуымен ұйымдастырылатын олимпиада еліміздің тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтің туған жері – Баянауыл өлкесінде өтеді. Қазақ жастары, сонымен қатар, қасиетті Баянауыл өңірінің тарихи-мәдени орындарын аралайды. Халықаралық деңгейде қолға алынып отырған мұндай шаралар, білімді жастардың болашағына жол ашуға жаңа мүмкіндіктер бермек.
Білгірлер бақ сынасады
Последние статьи автора